Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3764 0 пікір 26 Мамыр, 2016 сағат 11:29

2 миллионға жуық ауыл тұрғынын интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев министрліктің кең ауқымды интернет желісімен қосымша 2 миллионға жуық ауыл тұрғынын интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министр бүгін Астана экономикалық форумы аясында министрлік пен Дүниежүзілік банктің бірлесіп ұйымдастырған Building a Digital Future дөңгелек үстел мәжілісінде баяндады. 

"Мен Қазақстанның сандық қоғам құру жолындағы жетістіктері туралы айтып бердім. Сонымен қатар ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2020 жылға дейінгі жоспарын ортаға салдым", - деп жазды Абаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында. Оның айтуынша, мына жоспарлар қолға алынған: 

- кең ауқымды интернет желісімен қосымша 2 миллионға жуық ауыл тұрғынын қамтамасыз ету;
- сандық сауаттылық деңгейін 85 пайызға дейін, ал электрондық қызметтерді пайдаланатын азаматтар үлесін 70 пайызға дейін ұлғайту;
- сандық эфирлік хабар тарату желісімен халықтың 95 пайызын қамту; 
- ақпараттандыру саласындағы мемлекеттің күрделі шығыстарын азайтып, жобаларды жеке инвестициялар есебінен жүзеге асыруға өту;
- электрондық үкімет сервистерінің кемінде 80 пайызын "бұлтты" инфрақұрылымға көшіру.

"Сандық әлем өте жылдам өзгеріп жатыр. Бұл өзгерістерден шет қалу - жаһандық экономика көшінен ұзақ жылдарға қалып қоюмен бірдей", - деді министр.

Aбай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5335