Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Жаңалықтар 4153 0 пікір 26 Мамыр, 2016 сағат 09:41

Өзбек "Гитлерін" ауруханадан үйіне жіберді

17-ауруханада жүрегіне екі операция жасалған 59 жастағы Тәшкент облысының бұрынғы хокимі (әкім) Ахмаджон Усмановты ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алып, үйіне жіберді.

"Озодлик" (Азаттық радиосының өзбек қызметі) дереккөзіне қарағанда, бұрынғы шенеуніктің қазіргі көңіл-күйі жақсы, өзінің үйінде тергеліп жатыр.

– Усманов өзіне кешірім жасалған адам ретінде ұстайды. Көңіл-күйі жақсы. Таңертең тіптен арнайы шақырылған палауға барды. Усманов тергеу ісімен жұмыс істеп жатыр, – дейді "Озодлик" дерекөзі.

Белгілі болғандай, Әндіжанда Усмановқа қарсы куәлік етіп жатқандар бар екен. Тәшкент облысының бұрынғы хокимі жетіспеген ақшаның бәрін қалтасынан төлеуге келісім берген.

Облыс әкімінің үстінен қылмыстық іс үстіміздегі жылдың ақпан айында қозғалған болатын. Ол халық арасында "Гитлер" деген атқа ие болған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1195
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10708