Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3461 0 пікір 26 Мамыр, 2016 сағат 09:40

Бішімбаев Қазақстан экономикасының өсуін болжайды

Қазақстанның ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаев "оптимистік болжам бойынша" ел экономикасы 1 пайызға көтеріледі деді. Ол мұны Астана экономикалық форум кезінде айтты.

Қазақстанның премьер-министрінің ресми сайты Бішімбаевтың консервативті болжам бойынша, экономикалық өсім "кемінде 0,5 пайыз" болады деген сөздерін жариялаған. Экономикалық болжам мұнай бағасы барреліне 30 доллар бойынша жасалған.

"Қазір өздеріңіз көріп отырсыздар мұнай бағасы өсті. Әрине бұл Қазақстан экономикасына да әсер етеді (…) Ұлттық валюта курсының тұрақтылығы мен инвестициялық климаттың жақсаруы оптимистік болжам жасауға мүмкіндік береді", - дейді Бішімбаев.

Алайда халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстан экономикасында биыл әлсіреу болады деген болжам айтады. Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттік сәуір айында Қазақстанның ІЖӨ 1 пайызға төмендейді деп болжаған. Standard & Poor's агенттігі наурыз айында Қазақстанның экономикалық ахуалы жөнінде 2016 жылы ІЖӨ өсімі болмайды, кері кетуі мүмкін деген. Агенттік сарапшылары елдің ұзақмерзімді экономикалық өсімі мұнай бағасына, Қашаған жобасының жүзеге асуы мен құрылымдық реформа жүргізілуіне тәуелді болатынын атап өткен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351