Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3863 0 пікір 19 Мамыр, 2016 сағат 11:31

ӘБДІШЕВ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, үш жылға бас бостандығынан айрылған Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Б. Әбдішевтің өтінішін сот кеше қарауды бастады. Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмақұл Шөженов экс-әкімнің мерзімінен бұрын босату туралы жазған өтінішін қанағаттандырды.

 «Әбдішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылып, 1 жыл 4 ай 4 күн мерзімді пробациялық бақылау бекітілсін», - делінген сот қаулысында.

Алайда, Б. Әбдішевтің бостандыққа шығуы үшін шамамен 15 күнге созылатын кейбір процедуралық шаралардан өтуі керек екен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2144
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3798