Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3651 0 пікір 23 Қыркүйек, 2016 сағат 10:00

ОҚО-да «Алтын сақа» балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті

Бүгін Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында  «Алтын сақа» балаларға арналған қысқаметражды фильмдер фестивалі  ұйымдастырылып, өткізілді.

Салтанатты шараға қатысқан мәдениет басқармасының басшысы Ахметжанов Нұрболат ең алдымен облыс әкімінің  құттықтауын  жеткізді. Өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отырған фестиваль киноиндустрия саласын дамыту, жас буын режиссерларға шығармашылық серпін беру, олардың кәсіби деңгейін көтеру, әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, көрермендерге ой тастау, балаларға арналған қысқаметражды фильмдер мен анимациялық туындыларды, бейнероликтерді жарыққа шығару мақсатында өткізілді.

Фестивальге республикалық «Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы, Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, кинотанушы, киносыншы, өнертану ғылымының кандидаты Гүлнәр Мүрсәлімова, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі Жүсіп Ақшора, «Қазақстан» АҚ ОҚО филиалының директоры Уәли Қыдыр, «САҚ» киностудиясының директоры Нұриддин Паттев, клипмейкер, кинорежиссер-оператор Фурхад Саиповтар қазылық етті.

Сонымен, фестивальдің қазылар алқасының шешімімен

Бас жүлде — «Қуат» қысқаметражды фильмі (режиссері Нұрбол Абсеметов).

І орын — «Айсұлу» қысқаметражды фильмі (режиссері Дархан Нұртазаев) және «Түлкі мен қырғауыл» анимациялық фильмі (режиссерлары Дариха Еркінбек, Жұлдыз Өмірқұлова).

ІІ орын — «Қаhарман» қысқаметражды фильмі (режиссері Хамид Мүтәлиев) және «Асар» анимациялық фильмі (режиссері Береке Жүнісов).

III орын — «Мен қорқамын» қысқаметражды фильмі (режиссері Бақытжан Көшеров) және «Наурыз» анимациялық фильмі (режиссері Оңласын Бурибеков).

Сонымен қатар «Өзекті тақырыпты қозғағаны үшін» номинациясымен «Табиғатты аялайық» анимациялық фильмі (режиссері Самат Нұралиев), «Ерекше монтаж жұмысы үшін» номинациясымен «Жылдамдық» әлеуметтік ролигі (режиссері Серік Таласов) және «Ерекше операторлық жұмысы үшін» номинациясымен «Жемқорлық» әлеуметтік ролигінің (режиссері Серік Таласов)авторлары марапатталды.

Кинофестивальде жүлде алған осы туындылар 2016 жылдың 5 қазаннан бастап жергілікті және республикалық «Балапан» телеарнасының эфирінен көрсетіле бастайды. Ал конкурсқа қатысқан барлық фильм 23 қыркүйектен 3 қазанға дейін «Оңтүстікфильм» мекемесінде, балалар үйлерінде, интернаттарда көрсетіледі.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583