Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2802 0 пікір 22 Қыркүйек, 2016 сағат 17:11

52 жоба, 4025 жұмыс орны...

Шымкентте алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезектен тыс 4-сессиясы өтті. Жиында облыс әкімі Бейбіт Бәкірұлы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Әр салаға тоқталған өңір басшысы бес жылға жоспарланған барлық тапсырма кезеңімен жүзеге асып жатқанын мәлімдеді.

Бүгінде облыста жеті индустриалды аймақ табысты жұмыс істеп, төртеуінде инфроқұрылым жүргізілуде. Аймақтарды индустриалды-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 млрд теңгеге 16 жоба іске қосылған. Жалпы индустриалдық аймақтарда 52 жоба іске асырылып, 4 025 жұмыс орны ашылды. Алты айда өнеркәсіп орындарымен 384 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, облыс бюджетінің көлемі 5,3 пайыз артты. Өсім бойынша облыс республикада алдыңғы қатарда.

Негізгі басым бағыттардың бірі облысымызға инвестиция тарту болып табылады. Осы мақсатта «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өткізіліп, Еуропа және Азия елдеріне ресми іс-сапарлар ұйымдастырылуда.

Бүгінге дейін шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынан астам 24 жоба іске асырылуда.

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 6 айда 54 млрд. теңгеге 117 жоба мақұлданып, 983 жұмыс орны ашылды. Жалпы бағдарлама қатысушылардан бюджетке 6,7млрд. теңге салықтар түсіп, өткен жылмен салыстырғанда 409 млн. теңгеге артты.

«Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен» 19 905 кәсіпкерге көмек көрсетілді.

Өңіріміздің аграрлы екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударылуда.

Саланы қолдауға жалпы 29 млрд. теңге бағытталып отыр.

Егіс көлемін ұлғайту, иесіз жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау құрылыстары, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан фермерлерге «Ырыс» қаржыландыру ұйымы арқылы төменгі пайызбен 486 жобаны қаржыландырылуға 1,2 млрд. теңге көлемінде несие берілді.

«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламаларымен 35 мыңнан аса мал басы сатып алынды.

4000 астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 47 кооперативтер құрылып, 9 МТС ашылды.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі 123 млрд.теңгені құрап, 2 пайыз артты.

Сондай-ақ, тиісті мерзімде апатты жағдайдағы 11 және үш ауысымды 9 мектептің құрылысы аяқталды. Халықты сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру мәселелері де жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Қала, аудандардағы бірінші кезекте орындалатын тапсырмалар индустриялдық картаға енгізілген. Мұны жақсы білетін халық қалаулылары көпшілікті толғандыратын мәселелерге аса көңіл бөлу қажеттігін нақтылады.

Жиында Солтүстік өңірлерге қоныстанған жерлестерімізді қолдау үшін аудандармен жеке бауырлас болу жөнінде ұсыныс та жасалды. Елбасының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалуын облыс басшысымен бірге қамтамасыз еткен депутаттар Бейбіт Атамқұловтың жұмысына жақсы деген баға берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584