Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3018 0 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 18:43

Отырар ауданында қолөнер саласы дамытылмақ

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының базасында орналасқан «Отырар қолөнер шеберлерінің орталығы» өз жұмысын бастап, ауданымыздағы отыздан астам түрлі саладағы қолөнер шеберлерінен құралған тыңдаушыларына есігін ашты.

Бүгінгі таңда Отырар ауданында қолөнер саласының дамуына мән беріліп отыр. Осы мақсатта ашылған орталық қолөнер дүниелерін топтастырып, жинақтап, жүйелеп заман талабына сай түрлендіріп тұрғындар арасында насихаттамақ.

Қолөнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдар жасайтын ұсақ өндіріс түрі. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының мәдениет үлгісін, ұлттың қоғамдағы жағдайын, діни сенімін, салт-дәстүрін айқын аңғартып тұрады. Ертеде қазақ ауылындағы қолөнер шеберлері қолдарынан келген өнерлерін әкесі баласына, енесі келініне үйретіп, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырған. Осы үрдісті шеберлеріміз П.Садықов, Н.Оспановтар жалғастырып, ауданымыздың өзге де шеберлерімен өнердің қыр-сырымен бөліспек.

Шеберлік дәрісінде П.Садықов «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарын (тіл, дін, өнер, үлгі өнеге) орнымен пайдалану, бүгінгі күн үшін де ерекше маңызға ие екендігін айтып өтті. Соның ішінде ең бірінші шикі затты қалай таңдау қажеттілігі мен оны өңдеуден бастады. Сабақ барысында қатысушылар шеберлерге түрлі сұрақтарын қойып белсенділік танытып отырды. Шебер П.Садықов келесі сабақ жоспарын таныстырып, бірқатар тапсырмалар берді.

Аудан әкімдігінің бастамасымен қолға алынған орталық жұмысына шеберлік дәрістеріне қатысушылар ризашылықтарын білдіруде. Ұлттық қолөнер мен дәстүрлер сабақтастығын насихаттайтын орталықта шеберлік дәрістері жоспарға сәйкес әр апта сайын жалғасын тауып отыратын болады.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618