Қара қытай қаптаса...
Қазақстандық билік жеріміздің 3,5 миллионнан астам гектарын шетелдік инвесторларға беруге әзір, ал Ауыл шаруашылығының экс-министрі «инвестордың» тек Қытайдан ғана келетініне сенімді.
Жер мәселесі – қазақтың ең күрделі үш дауының бірі. 20-ғасырдың басында Николай II-ші патшаның тұсындағы Министрлер кеңесінің төрағасы Петр Столыпин қазақ даласының есебінен аграрлық реформа жүргізді. Отаршыл биліктің мұрагеріндей советтік-коммунистік режим Қазақстанда күшпен орнатылғаннан кейін «жер — шаруанікі» деген ұранды ескерместен, қазақ үшін маңызды осынау мәселені кейінге қалдырды. Сол коммунистік режим түпсіз мәселені тәуелсіз Қазақстанның солқылдақ иығына артып кеткендей. Олай дейтініміз, іріп-шіріген бұрынғы режимнен тек қордаланған шешусіз мәселелерді (бұлардың қатарындағы ең зоры, әлбетте, жер мәселесі) ғана емес, сонымен бірге бүкіл халықтың игілігі үшін шешім қабылдауға ниеті де, тәжірибесі де жоқ кешегі партиялық-комсомолдық номенклатура кейпіндегі саяси элитаны да мұраға алып қалғанын байқау қиын емес.

2005 жылы қабылданған жерді жеке меншікке сатуға мүмкіндік беретін жер туралы заң қоғамның наразылығын тудырды. Дегенмен, 400 шаршы километрлік байырғы қазақ жері халықтан келісім сұрамай-ақ Қытайдың иелігіне өтіп кетті. Ол аздай, енді Үкімет 3,5 миллиондай жерімізді Қытай инвесторларының «қалтасына салып» бермек. Ал бұл дегеніңіз – Израиль елінің жер көлемінен 1,5 есеге көп, аумағына Голландия, Бельгия сияқты мемлекеттер сыйып кететін ауқымды аймақ.
Бүгіннің өзінде, «Монд» атты беделді француз газетінің ақпараты бойынша, қытайлық шаруалар қазақтың егістік жерлерін өңдеп жатқан көрінеді.
Автор Гүлжанат Шонабай
«Қазақстан-Заман» газеті 28 мамыр 2009 жыл