Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2529 0 пікір 19 Қыркүйек, 2016 сағат 15:29

Оңтүстіктің 21 кәсіпорыны өз өнімдерін экспорттайды

Оңтүстік Қазақстанда бүгінгі таңда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Яғни, аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой және сиыр етін экспорттайды.

Сондай-ақ, Ресей нарығына шығарылатын негізгі өнімдер бақшалық дақылдар мен көкөністер, мал азығы, консервіленген балық, жемістер, мақта, қызанақ, күркетауық еті, сусындар және тағы басқа. Отандық өнімнің табиғилығы мен сапасына қызығатын шетелдіктер тарапынан әсіресе бау-бақша өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Мәселен, осы жылдың алты айында теріскейдегі көршілерге 45 мың тонна қауын, 17 мың тонна қарбыз экспортталған. Ал оңтүстікқазақстандық «Хамит» компаниясы балықтың сүбе етін Грузия, Германия, Украина Республикаларына және Ресей Федерациясына жөнелтеді.

Қазіргі таңда ауылшаруашылығы өнімдері Еуро одақ елдеріне де экспортқа шыға бастады. Мысалы, "Қаршыға" шаруа қожалығы алма, қауын және қарбыз өнімдерін Германия асыра бастады. Алдағы уақытта Иран республикасына жүгері және қой етін экспортқа шығару көзделуде. Сауд Арабиясына, БАӘ және Ирак республикасына кой етін экспорттауға алдын ала келісімдер жасалып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша биылғы жылдың маусым айында БАӘ-ға қойлар экспортталғаны есімізде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5644