Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3941 0 пікір 18 Қыркүйек, 2016 сағат 15:26

Шымкентте «Тамақ өнеркәсібі» - Аgroprom Shymkent 2016 көрмесі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібіне жаңа серпіліс беретін «Тамақ өнеркәсібі» - Аgroprom Shymkent 2016 көрмесі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев, ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы М. Қарабаев және Жамбыл облысынан келген қонақтар қатысты. Көрмеге келушілер назарына азық-түлік және сусын түрлері, оларды шығаруға арналған жабдықтар мен технологиялар, ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар, жабдықтар ұсынылды. Сондай-ақ, “AgroProm Shymkent 2016” көрмесінің аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылды. Шара барысында «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сондай-ақ, Оңтүстік өңірі мен Жамбыл облысының арасында кооперацияны дамыту аясында екіжақты меморандумға қол қойылды. Айта өту керек, жыл басынан бері Оңтүстік өңірінде тамақ өнеркәсібіне 3 млрд. теңгеден астам инвестиция салынған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін әлі де еселене түседі деген жоспар бар.

Мәселен, таяуда Қазығұрт ауданында “Lotus Food Company LLC” ЖШС-інде тез дайындалатын кеспе жобасы жүзеге асырылды. Дәл осы жобаға 471 млн. теңге көлемінде инвестиция құйылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2699
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 822
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 791