Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2738 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 09:57

Инвестиция көптеп тартылса, облыстың экономикасы да арта түседі

Инвестиция көптеп тартылса, облыстың экономикасы да арта түседі


Бұл жөнінде облыс әкімі аудан, қала әкімдерімен өткен кеңейтілген аппараттық мәжілісте айтты.

«Елбасы өзінің берген тапсырмасында өңірлерге инвестиция тарту бағытындағы жұмысты жандандыру қажеттігін атап өткен болатын. Яғни біз облысқа ішкі және сыртқы инвесторларды көптеп тартуымыз қажет. Бұл өз кезінде аймақтың экономикасының дамуына оң әсерін беріп, халықтың жұмыспен қамтылуына септігін тигізеді»,-деді Б.Атамқұлов.
Сонымен қатар, жиында облыстағы индустриалды аймақтардың жайы қаралды. Онда әкім инфрақұрылым жүргізілмегенаудандардағы аймақтарға баса назар аударып, тиісті жұмыстарды жүргізуді сала басшыларына тапсырды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда облысымыздағы индустриалды аймақтарда жалпы 160 жоба жүзеге асырылуда. Оның қәзіргі таңда 52-сі іске қосылған. Ал қалған 108 жоба алдағы екі жыл ішінде іске аспақ. Осылайша, екі жыл ішінде, ашылған 108 жоба шеңберінде облысымызда 8079 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 151,8 млрд. теңге инвестиция экономика айналымына тартылады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталатынын хабарлаған еді..

"Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады", деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3272
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5689