Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4332 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 09:56

Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту

Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына арналған селекторлық мәжілісте облыс әкімі аудандар мен қалаларда кәсіпкерлік пен кооперацияларды жаппай дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Осыған орай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы қолға алынып отыр. 

«Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын», - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, көрші облыстарда сүт өнімдеріне деген сұраныстың жоғары екенін айтқан облыс әкімі аталған өңірлермен әріптестік байланыс орнатуды жүктеді.    

Мәжілісті қорытындылаған Б.Атамқұлов алға қойған міндеттердің барлығы тұрғындарды жұмыспен қамту екендігін қадап айтты.  

Айта кетейік, ағымдағы жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін өңірде республикалық бюджеттен 9 194,3 млн. теңге бөлінген. 8361 адам бағдарламамен қамтылса, оның ішінде 3686 адам жұмыссыз, 3700 адам өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен еді.

Бағдарлама аясында өңірдегі еңбек нарығында оң нәтиже қалыптасып отыр. 2010 жылдағы 5,7 пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 2016 жылдың 2 тоқсанында жұмыссыздық 5 пайызға дейін төмендеді. Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен бөлігі 21,8 пайызға төмендеп, аз қамтылған адамдардың саны 19,7 мыңды құрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2700
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 823
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 793