Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2904 0 пікір 15 Қыркүйек, 2016 сағат 09:42

Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады

Бұл жөнінде өңір басшысы ҚР Президентінің тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте айтты. Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне қаланың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.
Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.
«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін, - деді ол. 

Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай, өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады.

"Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі басталды. Ол Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауымен жүретін болады.

Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, табандылық, креативтілік және қажырлылық талап етіледі.

Бізге үлкен жолдан өтуге тура келеді, ол бойынша біз қазір алғашқы 100 қадамды жасаудамыз.

Басқа қадамдар да болады, мен оған айна-қатесіз сенімдімін.

Эволюциялылық және тұтастай қамтушылық – ширек ғасырлық мерейтойына қадам басып, біздің Тәуелсіздігіміздің тарихын алға бастырып отырған жаңғырту үдерісінің басты қағидаты да осы.

Біздің бәріміз жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. Ол тәртіпке бастауы тиіс",-деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3272
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691