Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2539 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 18:02

Астанада "сыра патшасының" соты басталды

Астанада қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотында шымкенттік бизнесмен, "билікті күшпен басып алмақ болды" деп айыпталған Тоқтар Төлешовтің соты басталды. Төлешовтің ісі бойынша 25 адам сотқа тартылмақ. Іс материалында мемлекеттік құпия мәліметтері болғандықтан жабық түрде өтеді.

Істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ербол Ахметжанов қарайды. Ол 2012 жылы шекарашы Владислав Челахқа қатысты істі және 2015 жылы ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісінде судья болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұған дейін "Шымкентсыра" зауытының иесі Тоқтар Төлешовке "адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, билікті күшпен басып алуды насихаттау, экстремистік топ құру, қылмыстық қауымдастық құрып, оны қаржыландыру және басшылық жасау, бандитизм, пара беру" туралы айыптар тағылғанын мәлімдеген.

Төлешовтің қолмен жазылған "кінәсін мойындаған" мәтінінің фотокөшірмесі әлеуметтік желілерде тарап кетті. Төлешовке қатысты іс 29 тамызда әскери сотқа келіп түсті. Қылмыстық іс 300 томнан тұрады. Іске байланысты жүзден астам адам куәлік етеді. 13 сотталушы тергеу ісі барысында тұтқынға алынған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5701