Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4248 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 18:00

ОҚО-да жыл басынан бері 521 егіз нәресте туған

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың сегіз айында 53051 нәресте дүние есігін ашқан. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем.
Айта кетейік, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді.
Өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге артқан. Ал материалдық-техникалық жабдықталуы анағұрлым жақсарған. Заманауи құрал-жабдықтар мен қондырғылар тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен қалаларда да орнатылып жатыр. Осының нәтижесінде, бүгінде өңірде ана мен бала өлімі азайып, туу көрсеткіші көбейіп келеді.

Еске салайық, өткен жылдың тиісті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысында 52636 сәби туған.

Халық санының көп болуы экономика көлемінің үлкен болуына белгілі бір септігін тигізеді. Экономиканың көлемі G20 қатарына кіретін мемлекеттердің негізгі критериі болып табылады. Мысалы, Қытайда адам басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 6 мың доллар ғана, салыстырмалы түрде Қазақстандағы бұл көрсеткіш 13 мың доллар. Бірақтан халқының көптігі олардың экономикасының көлеміне әсер етіп отыр.

Тоқтала кететін жайт, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алдын ала мәліметіне қарағанда, Қазақстанда 2015 жылғы 31 желтоқсанда 909 сәби дүниеге келді. Жаңа туған нәрестелер саны жағынан бірінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Мұнда жылдың ең соңғы күні 235 бала дүние есігін ашты. Одан кейінгі орындарда тұрған Алматы облысында - 106, Алматы қаласында - 83, Астана қаласында - 74, Жамбыл облысында - 72 бала дүниеге келді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5696