Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2154 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 16:26

Д.Сатыбалды Отырардағы күре жолдардың сапасын бақылады

ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Отырар ауданында болды. 

Отырар ауданына барған облыс әкімінің орынбасары ауданның күре жолдарының сапасына сәт салып қайтты.

Облыс аумағындағы құрылысы жүргізіліп жатқан жолдардың жай-күйімен танысуды мақсат тұтқан жұмысшы тобы Отырар ауданындағы күрделі жөндеуден өткен КХ-12 «Ақдала-Шәуілдір» автомобиль жолының сапасын бақылап, «Арыстанбаб-Шәуілдір-Төрткүл» және «Шәуілдір-Көксарай» бағыттарындағы орташа жөндеуден өтіп жатқан автомобиль жолдарын көрді.

Құрылыс жұмыстарының барысына қанық болған Д.Сатыбалды осы іске жауапты басқарма және мекеме басшылары мен мердігерлердің қатысуымен жиын өткізді. 

    Басқосуда облыс әкімінің бірінші орынбасары жол құрылысы жұмыстарына қаржы мерзімінде аударылса да, берілуге тиісті нысандардың уақытынан кешігіп жатқанын айтты. Ең бастысы, сапаға көңіл бөлу керектігін жеткізген ол жұмыстар тиісті деңгейде атқарылмаса нысандардың пайдалануға қабылданбайтынын ескертті. 

     Өз кезегінде, аудан әкімі Ерлан Айтаханов жергілікті халық үшін ғана емес, «Арыстанбаб» кесенесі мен «Отырар төбеге» келуші туристерге қызмет ететін күре жолдың маңызы зор екенін, келесі жылы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында келетін қонақтардың ауданнан риза көңілмен қайтуы үшін жолдың тегіс те сапалы болуын ерекше назарға алғанын атап өтті.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1501
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5691