Жексенбі, 24 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4102 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 14:13

КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ - ҚҰЛАҒЫ НАШАР ЕСТИТІН ЖАНДАР ҮШІН...

Қазақстанда алғаш рет құлағында мүкісі бар 25 адам ҰКП бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Бизнес-мектеп» құрамдас бөлігі бойынша 2015 жылы Алматы облысында бизнес-тренерлер 2284 адамды оқытқан.  Мәселен, ӨКП кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаевтың айтуынша, «Бизнес-кеңесші» бөлігі бойынша былтырдан бері 1983 адам оқыған. «Ұйымдастыру-құқықтық формасының бөлігіндегі қатысушылардың жалпы санына жасалған талдау ЖК түріндегі жеке меншігі бар шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі ЖШС-дан көп екенін көрсетті. Сондай-ақ, қатысушылардың жартысынан көбі – әйелдер», – дейді Е.Датқаев.

Оқу арқылы әр қатысушы 3 млн теңгеге дейін қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие бола алады. Одан бөлек, екікүндік оқуға қатысу – бизнесін жаңа бастағандар мен әлеуетті кәсіпкерлерге жақсы мүмкіндік береді, өйткені көптеген адамдар үшін «Бизнес-кеңесші» бизнесті жүргізудің бірінші қадамы болып саналады. Бизнес-тренерлер өткізетін кәсіби сараптамалық кеңес беру өз мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.

Осы жылғы «Бизнес-кеңесшінің» басты жетістігі ретінде құлағы нашар еститін жандар үшін, яғни 2 және 3-топ мүгедектеріне сурдоаудармамен курс ұйымдастыру ісін атауға болады. Қазақстанда алғаш рет құлағында мүкісі бар 25 адам ҰКП бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Дәрістерді Талдықорған қаласындағы мүгедектер қоғамдастығының мамандары мен Текелі қаласындағы ӨКП филиалының кеңес беруші менеджерлері аударып берді. Мәселен, курсқа қатысқан 57 жастағы Ольға Рыжковаға бұл оқу кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік берді. «Мен 2-топтағы мүгедекпін. Бірнеше жылдан бері кәдесыйлар мен қуыршақтар жасаумен айналысып келемін. Барлығына ұнайды, шетелден де тапсырыс беріп жататын кездер болады. Бұйымдарымның түрін көбейтіп, бизнесімді дамытқым келеді. Сондықтан «Бизнес-кеңесшіге» қатысуға шешім қабылдадым. Біз үшін мұндай курстар өте қажет әрі маңызы зор. Өйткені мұндай курстардан басқа жаңа машықтарға ие болып, білімімізді жетілдіретін мүмкіндік жоқ», – дейді О.Рыжкова.

Тағы бір «Бизнес өсу» бөлігі арқылы 235 кәсіпкер оқытылды. Тәлімгерлік қағидасы қолданылатын «Жобалық оқыту» бойынша 65 шағын және орта бизнес субъектісі оқытылған. Сондай-ақ, облыста қараша айының басында 18 бен 29 жас аралығындағы «Жас кәсіпкер мектебі» бойынша жастарды оқыту жоспарлануда.

Бағдарлама шеңберіндегі «Іскерлік байланыстар» жобасы кәсіпкерлерге шетелдік кәсіпкерлермен әріптестікті жолға қоюға көмектеседі. Халықаралық жобаның басты мақсаты – халықаралық және шетелдік ұйымдардың қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату. Алматы облысының танымал бизнесмені, «Шай орталығы» ЖШС бас директоры Медеу Серікбаев жоба шеңберінде Германиядан тағылымдамадан өткен 28 бизнесменнің бірі. Оның айуынша, сапар неміс компаниясымен әріптестік орнатуға көмектескен. Тағылымдама барлығы 24 күнге созылған.

«Мен өте тамаша әсер алдым. Жобаның арқасында жаңа байланыстарға қол жеткізіп, болашақ әріптестеріммен таныстым. Бизнестегі кейбір дүниелерге жаңа көзқарас пайда болды. Сондай-ақ, бизнесті жүргізу мен дамыту бойынша жақсы кеңестер алдым. Тағылымдама барысында «Аlsen lime» компаниясымен келіссөздер жүргіздім. Олар шайға арналған қоспалар шығарумен айналысады. Қазіргі таңда ортақ әріптестікті бастап кеттік», – дейді бизнесмен.

Бүгінде 10-ға жуық бизнесмен дайындық курсынан өтіп, тағылымдамада көкжиегін кеңейтуге дайындалуда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5664