Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4794 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 12:15

«Алматы – оқырман қала» акциясы өтеді

17 қыркүйек күні сағат 14.30-да «Мега» ойын-сауық орталығының алаңында (Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев к.қиылысы) Алматы қаласы күніне орай «Алматы – оқырман қала» атты акцияның ашылу салтанаты өтеді.

Шараны ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасы мен «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі».

Мерекелік шара қонақтарына балалардың шығармашылық топтары, қалалық конкурстардың лауреаттары мен жас ақындар өнер көрсетеді.

Библиодесант «Кітап патшалығына шақыру», «Сыйлық ал» сияқты т.б. түрлі, қызықты конкурстар, шахмат турнирі, сұрақ-жауап ойындары өткізіледі. Сонымен қатар, «Әдеби қонақ үйде» сүйікті ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырылады.

«Алматы  менің сүйікті қалам!» атты асфальтқа сурет салудан жарыс өтеді.

Алматы баспаларының кітаптарының жәрмеңкесі болады.

Акция аясында  ғылымға қызығушыларға, полиглоттарға арналған шеберлік сағаттары өткізіледі.  

«Таң қаламын келбетіңе Ару қалам, Алматы!» атты жас суретшілердің конкурсы, «Алматы – ән – жыр - тарих», «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі», «Тәуелсіздік шежіресі», «Сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмелері қойылып, жасөспірімдер мен балаларға арналған «Ақ желкен», «Үркер», «Балдырған», «Ұлан», «Мөлдір бұлақ» атты басылымдардың да көрмесі ұйымдастырылады.

Өткізілгелі отырған мақсаты айқын шараның құрметті қонағы болыңыздар!!!

Байланыс тел.: 291 63 51; 279 33 15; 273 11 00

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1101
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2641
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 733