Жексенбі, 24 Қараша 2024
Даңғыл 3303 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 10:16

ЕЛБАСЫ ЕЛОРДАДАҒЫ АУЫС-ТҮЙІСКЕ ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Кеше Ақордадағы ақ жағалылар арасында ауыс-түйіс болғаны белгілі. Ауысқандардың арасында жаңа кадр, жаңа есім естілмегенімен, енді тағайындалған Премьер-министр Бақытжан Әбдірұлының орынбасары қызметіне қорғаныс саласын, одан әріде өзі де Үкімет тізгінін ұстаған Иманғали Нұрғалиұлы келді. Үкіметтің үш басшысы – Сағынтаев, Мамин және Тасмағамбетовтен бөлек бірсыпыра шенді орынын алмастырды. Анығырақ айтсақ, кабинет алмастырды. Осылайша Елордадағы иллюстрация жоғарғы билік тізгіншісінің жаңа форматта «рокировка» жасауымен аяқталды.

Сонымен Мемлекет басшысының кеше күн бесіннен алагеуімге дейін  апыр-тапыр ауыс-түйіс жасауының астарында не жатыр? Мемлекет басшысының бұл қадамын Самарқанға жасаған сапарымен байланыстырып жатқандар да жоқ емес. 

Хош, сөйтіп Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтегі және бірқатар мемлекеттік органдардағы жаңа тағайындаулар мен құрылымдық өзгерістерге түсініктеме бере отырып, ескі Үкіметтің жіберген өрескел қателіктерін жаңа Үкіметтің қайталамауын қадап айтты.

– Жақында облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында дағдарыспен күрес жұмысынан экономиканың өсімін ынталандыру бағдарламасына көшу жөніндегі шаралар талқыланды. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуды,  атап айтқанда, ауыл шаруашылығында, тұрғын-үй құрылысында және басқа да салаларда халықтың табысын арттыруды көздейді. Осыған байланысты жаңа министрлер кабинеті алдына нақты міндеттер қойылды. Үкімет құрамында жасалған өзгерістер басқарушылардың жаңа буынының, соның қатарында «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің де уақыты келгенін көрсетеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрзат Тоғжан
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671