Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2723 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 09:28

Түркия АҚШ-тан Гүленді ұстап беруін ресми түрде сұрады

Түркия Вашингтонға АҚШ-та тұратын дін уағыздаушы Фетхуллах Гүленді қамауға алу туралы ресми өтініш жолдады. Анкара оны 15 маусымдағы әскери төңкерісті ұйымдастырды деп айыптады.

Түркия үкіметі Гүленнің жақтастары қазіргі билікті құлату үшін бүлік жасады деп есептейді. Дін уағыздаушыны қайтару мәселесі Түркия және АҚШ президенттері Режеп Тайып Ердоған мен Барак Обама арасында талқыланды. Олар қыркүйектің басында Қытайда "Үлкен жиырмалық" саммиті аясында кездесті.

Америкалық әкімшіліктің ресми өкілінің журналистерге хабарлауынша, Обама Ердоғанмен кездесуде мәселенің саяси емес, заң жолымен шешілуіне кеңес берген.

Бұған дейін Түркия АҚШ-тан Гүленді ұстап беруін бірнеше мәрте сұраған. Түркияның бірнеше қаласында осы талапты жақтаған жаппай шерулер өтті. Фетхуллах Гүлен америкалық телеарналарға берген сұхбаттарында Режеп Ердоған билігін тайдыру талпынысына қатысты бұл айыптаулардың барлығын жоққа шығарды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2057
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114