Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 09:14

Универсиадаға ресейлік еріктілер ағылмақ

2017 жылы Алматыда өтетін Универсиадаға жерлестеріміз емес, ресейліктер ерекше қызығушылық білдіріп отыр, - деп хабарлайды 31 арна.

Байрақты бәсеке кезінде 3 мың ерікті  керек болса, тек Ресейдің өзінен осынша адам Алматыға келіп, қызмет етуге ниет білдіріпті.

Әлемнің 60-қа жуық мемлекеті енді Алматыда өтетін 28 ші қысқы Универсиадаға көз тіге бастады. Оған спортшылар, туристер бар, барлығын қосқанда 30 мыңдай мейман келеді деген болжам бар. 
Дүбірлі доданың өтуіне әсіресе ресейлік еріктілер ерекше қызығушылық білдіріп отыр. 

АЛМАТ ҚҰНДЫБАЕВ, «Алматы Универсиада 2017» дирекциясындағы еріктілер департментінің жетекшісі:
- Бүгінгі таңда 5000 өтініш келіп түскен. Оның жартысынан көбі ресейліктер. Шет елден келгендерге қонақ үй, тамақ және жүріп тұруын реттеп береміз. Олардың көптеп келудегі негізігі мақсаты- тәжірибе жинағысы келеді. Сондай ақ «күміс» еріктілер, яғни зейнет жасына шыққандар көп жұмыс жасайды. Олардың арасында Бельгия, Норвегия және Ресейліктер бар. 

Ал Халық және Алматы арена деп аталатын қос мұз айдынның құрылысының 90 пайызы аяқталып жуырда қолданысқа берілуге дайын. Алғашқысының сыйымдылығы 3000 мың адам болса, Алматы аренаға бір мезетте 12 мың адам кіре алады екен. Ал жылына Универсиада дирекциясы 750 мың адам, яғни Алматының тең жартысы осы жерге келеді деп жоспарлап отыр. Одан бөлек аренаның атауын сатып және оларды жалға беріп, қыруар қаржыға кенелмек көрінеді.

Алайда қарапайым  халықтың қаржыға қарық боламыз деген үмітінен күдігі басым. Пайда табу былай тұрсын, жұрт әуелі нысандардың қайда орналасқанын, олардың атауы қалай, тіпті Универсиада қашан және қайда өтетінен бейхабар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5671