Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 6751 0 пікір 13 Қыркүйек, 2016 сағат 16:05

ТАСМАҒАМБЕТОВ - ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР

Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Абайөақпарат тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білмі министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 

2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов биыл желтоқсан айында 60 жасқа толады. Оның үш баласы бар.

Ал, Қорғаныс министрі болып Жасұзақов Сәкен Әділханұлы тағайындалды.

2016 жылы қыркүйектің 13-і Иманғали Тасмағамбетов ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды

Жасұзақов Сәкен Әділханұлы 1957 жылы қазанның 25-інде Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылында дүниеге келген. 

Алматы жоғары жалпы әскери командалық училешесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген. 1978 - 1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабы бастығы қызметтерін атқарған. 1990 - 1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы, 1994 - 1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы, 1996 - 2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің бастығы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс жасады. 2000 жылдан әскери құрама командирі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3269
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5650