Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 4934 0 пікір 13 Қыркүйек, 2016 сағат 12:00

МӘСІМОВ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ

Мәсімов үкіметі 2007-2012 және 2014-2016 жылдарда дұрыс реформа жүргізе алмағандықтан төмендегідей қателіктерге ұрынды. Олар қандай? Шолып көрейік:  

1) оңшыл, либералдық реформалар жүргізе алмады;

2) экономиканы диверсификациялау жасалмады, жаңа технологиялар ойдағыдай дамымады;

3) экономиканы диверсификациялау тек шикізаттық (мұнай, уран, ақ бидай) тарапта ғана болды;

4) капитал республикадан қашып, бизнестің жағдайы ойдағыдай болмады;

5) Азаматтық кодекс жасалса да, демократиялық институттық реформалар (билік тараптары: атқарушы билік, заң шығарушы билік, сот билігі және жергілікті жерлерде өзін өзі басқару жүйесін қуттандыру) жасалмады.

2007-2012 жылдардағы қаржы пәрменді диверсификацияға жұмсалды. Қабылданған жобалар нәтиже бермейтін жобалар болды, ол бастамалар бюджетке бүгінгі күнге дейін масыл болып келеді.

Осы жылдары ірі жер латифундизмі пайда болды. Жер негізінен ірі агрокорпорациялардың қолына берілді. Сол агрокорпорациядың дені шетелдік алпауыттарға тиесілі болып шықты (Қытайдан қорқып жүріп, Ресейді Қазақстанның агробизнесіне кіргізіп алдық).

Латифундизм ауыл шаруашылығына және экономикаға тұсау болады. Жерді агрокорпорацияларға беру дұрыс емес. Еліміздегі жер игерушілердің  80 пайызы қазақ екенін біле отырып, қазаққа қазақтың жерін жеке меншікке беруге қимадық: «Жерді сатқан – анасын сатқанмен бірдей» деп жүріп, сол Жер-Анамызды агрокорпорацияларға беріп, мораторий жарияладық. Президент жерді латифундистерден тәркілеймейтінін білдіріп, десе де қала маңындағы жерді жерсіздерге алып беретінін байқатты. Бұл – дұрыс шара.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5644