Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 5596 0 пікір 13 Қыркүйек, 2016 сағат 11:59

GGG – РЕСЕЙ АЗАМАТЫ ЕМЕС!

Орыс баспасөзі қазақ боксшысы Геннадий Головкинді кезекті рет «Ресей азаматы» атандырды. «Журналистскя правда» газеті GGG-дің  Британ боксшысы Келл Брукпен болған жуырдағы жекпе-жегінен кейін оны «Ресей боксшысы» деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Головкинмен шаршы алаңда шайқасып көрмек болмаған Британ боксшысы...қазір емханада жатыр. Қарсыласын рингттен «ренимацияға» аттандырған Головкиннің  ерлігіне есі кетсе керек, оның заты орыс  болғанын малданған орыс баспасөзі тағы да белден басыпты. Бұлай деуімізге себеп: бұның алдында, 2015 жылы Газета.ру сайты да біздің сары баланы «Ресей азаматы» деп «жаңалық» ашқан-ды. Спорт ойындарын телеарналардан тарататын Ресей тілшілері де GGG-ді кейде өтірік жаңылысқан болып, «Біздің жігіт», «Ресей азаматы» дей салады. Алайда, Головкин әлгіндей «қате ақпараттарға» немкетті қараған емес, түзету енгізіп, тезге салып отырады. Орыс журналистерінің ойындағы қарулыққа қарымта жасау керектігін әбден түсінсе керек, бірде ол: «Әкем – орыс, шешем – кәріс, ал, мен өзім – қазақпын!» деп салған еді.

«Головкин – Қазақстанның шын патриот ұлы. Ол әр жекпе-жекке қазақ шапанын жамылып, қазақы рухпен шығады. Оның болмысында, жан дүниесінде туған еліне деген зор құрмет бар» дейді қазақстандық жанкүйрелер.

P.S. Орыс баспасөзі әлгіндей дегенімен Батыс журналистері нәсілін, тегін тергеместен азаматты, тұлғаны еліне қарап атай береді. Батыс баспасөзі үшін мысалы, Головкин - қазақ, балық бала Балландин де - қазақ. Рыпакова, Левиттер де - қазақ. Бұндай "қазақтықты" әлемде тек орыс жорналшылары ғана мойындамайды.  

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5641