Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 5002 0 пікір 13 Қыркүйек, 2016 сағат 11:34

ҚАС-ҚАҒЫМ СӘТ. ТУҒАН ЖЕРГЕ СҮЙІСПЕНШІЛІК

 «Мен Қазақстанды жақсы көремін» тақырыбында фотобайқау өтеді.
 «Атамекен» ҚР ҰКП елордалық Туризм қауымдастығымен және Қазақстанның туристік агенттіктері қауымдастығымен бірігіп, «Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауын өткізеді. Фотобайқау Қазақстанның туристік орындарын таныту және өңірлердегі туристік әлеуетті арттыру мақсатында өткізіледі.  
Бұл фотобайқау кәсібилермен қатар, фотоөнерді жақсы көретіндер үшін өзін танытып, бай тарихы, ғажап табиғаты мен өзіндік мәдениеті, салт-дәстүрі бар Қазақстанды фотоаппарат объективі арқылы көрсетуге керемет мүмкіндік ұсынып отыр. 
Фотобайқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады.  
Сонымен қатар, фотобайқауға қатысушылардың үздік жұмыстары 2016 жылдың 28 қыркүйегі күні, Radisson Astana қонақүйінде өтетін Қазақстан-Қытай туристік форумы аясындағы фотокөрмеге қатыстыруға іріктелініп алынады. 
«Көрермендер көзайымы» аталымының жеңімпазы Facebook әлеуметтік желісіндегі «Мен Қазақстанды жақсы көремін» фотобайқауы» ресми парақшасында ашық дауыс беру арқылы анықталады (#МенҚазақстандыжақсыкөремін бірыңғай хэштегімен). 
Фотобайқаудың тақырыптары: 
• Тарих қойнауынан. Қазақстанның мәдени және тарихи нысандарымен және олардың заманауи келбетін бейнелейтін фотолар; 
• Дәнекер сабақтастық. Қазақстандағы ұрпақтар сабақтастығын көрсететін суреттер. Сонымен қатар, бұл санатқа қазақстандықтардың заманауи әлемдегі көне салт-дәстүрлерін паш ететін суреттер де кіреді; 
• Туған жерде демаламыз. Бұл санатқа Қазақстан туризмімен және туристік орындарымен байланысты суреттер кіреді. 
• Бірлік түбі тірлік. Қазақстан Республикасында көптеген ұлт өкілдері тұратындығын бейнелейтін суреттер: Қазақстанды мекен ететін түрлі ұлт өкілдерінің өмірінен, этно-мәдени фестивальдардан, басқа да ұлттық шаралардан көріністер. 
• Қала тынысы. Қазақстанның қалалары мен сол қалалардағы өмір ырғағы бейнеленген суреттер. 
• Табиғат аясында. Жабайы табиғаттың, жан-жануарлар мен өсімдік әлемінің суреттері. 
Фотобайқауға мына шарттарды орындаған кез келген тілек білдіруші қатыса алады: өзін фотобайқау қатысушысы терінде тіркеуі қажет, сондай-ақ, өзінің байқауға жіберетін жұмыстарын 2016 жылдың 20 қыркүйегіне дейін Қазақстан-Қытай туристік форумының www.tourism-forum.kz деген ресми сайтына жіберуі керек. Алдымен фотобайқаудың Ережесімен мұқият танысып алуы шарт. 
Abai.kz
0 пікір