Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4294 0 пікір 12 Қыркүйек, 2016 сағат 20:25

Бәйдібекте ауылдарды көркейту жұмыстары жанданып келеді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының орталығы - Шаян елді мекенінде жыл басынан бері тындырымды тірліктер атқарылып, ауылдың ажары арта түсті. Бұл туралы "Абай ақпарат" порталы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атап айтқанда, Шаяндағы ұзындығы 6,2 шақырым болатын 15 көше асфальтталып, пайдалануға берілді. Автокөліктерге арналған 6 көше кеңейтіліп, 7 жолға (ұзындығы 3,5 шақырым) жаңадан аяқжол (тротуар) төселді.

Бәйдібек ауданы орталығының сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелі қолға алудың нәтижесінде, көше бойындағы жиектер (бордюрлар) жаңартылып, су ағатын арықтар орнатылды.

Бәйдібектегі орталық көшелер де жаңарған. Онда бүгінге дейін 10 орталық көшенің қақпасы (арка) жаңадан орнатылып, 10 гүлзар бой көтерді. Мұнан бөлек, мекемелердің алдында автокөліктерге арналған 10 автотұрақ салынды.

Сондай-ақ, аталған елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді.

Мәселен, жыл басынан бері аудан орталығының орталық көшелеріне 2500 түп ағаш отырғызылып, 7 мың дана раушан гүлі мен 13 мың түп гүлді өсімдіктердің түйнектері егілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1016
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2559
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 710
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 676