Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2983 0 пікір 12 Қыркүйек, 2016 сағат 20:16

ОҚО-да Жергілікті полиция құрамына қызметтік автокөліктер табысталды

Өңір басшысы Б.Атамқұлов ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамына жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Аталған іс-шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. 
Облыс әкімі жол патрульдік полиция қызметкерлеріне «КИА-РИО» маркалы 73 теміртұлпар мен учаскелік полиция инспекторларына «ВАЗ-2121010» маркалы 5 арнайы автокөлігін беріп, қызметтеріне табыс тіледі. 
«Құрылғанына 1 жылға жуық уақытта жергілікті полиция қызметіне қоғамның көзқарасы оң болып, сенімі артып отыр. Сіздер қиын сәттерде қарапайым халықтың арқа сүйер сүйеніші әрі әділеттіліктің жаршысы болуға тиіссіздер. Алдағы уақытта да сіздер облыс тұрғындарының құқықтарын қорғап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жiгерін жұмсайды деген сенiмдемiн», - деді Б.Атамқұлов.
Шара барысында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінен құралған қызметкерлер 10 баған түзеп, салтанатты шерумен жүріп өтті. Кездесу қонақтары мен қатысушыларына жаңадан алынған қызметтік автокөліктер көрсетілді. 

Айта кетейік, аймақ басшысы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлері мен осы салада еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету үшін Шымкент қаласынан арнайы саябақ салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.

Сапары барысында облыс әкімі полиция бөлімшелерінің ғимараттарын уақыт талабына сай реттеу үшін ұсыныс енгізуді Шымкент қаласының әкімі мен тиісті құрылымдық бөлімдердің жетекшілеріне жүктеді.

Сондай-ақ, қала әкімі Қаратау аудандық ішкі істер бөлімшесінің ғимаратын жаңадан салынып жатқан «Шымкент сити» ауданында салуды ұсынды. Бөлімшені жаңа инфрақұрылыммен жабтықтау қажеттігін атап өткен өңір басшысы жобаны қолдады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2047
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4909
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4108