Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3018 0 пікір 12 Қыркүйек, 2016 сағат 20:12

ОҚО-да азаматтық сот процесіне прокурордың қатысуы 23%-ға азайған

Бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде облыс прокурорының орынбасары Мұрат Әлібековтың қатысуымен Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Онда ол сот процестерін жеңілдету және сот процесін жылдамдату мақсатында прокурордың азаматтық-құқықтық даулы мәселелер бойынша сотқа қатысуын қысқартудың тиімділігін атап өтті. Мәселен, осы жылы жаңа азаматтық-процестік кодекстің қабылдануына байланысты, прокурордың қатысуы міндетті болып табылатын істердің мөлшері 23%-ға азайған.

Сонымен қатар, спикер Ұлт жоспарының 32-ші қадамында айтылған «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асырылып отырғанын жеткізді.

«Аталған картаға облыстағы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелетін болады. Бұл өз кезегінде қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Картаға қол жетімділік кез – келген азамат үшін қамтамасыз етіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер порталдың негізгі ақпараттық көзі болады»,-деді Мұрат Әлібеков.

Оның хабарлауынша, бүгінде электрондық картаны құру үшін облыстан 88 млн.теңге мөлшерінде қаражат бөлінген. Аталмыш электронды карта қазан айында іске қосылады деп күтілуде.

Баспасөз мәслихатында баяндамашы отыз бесінші қадамда айтылған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану және басқа мақсатта пайдаланылатын жер аймақтарын мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Облыстың прокуратурасы аталмыш салада біршама жұмыс атқарған. Мәселен, прокуратураға келіп түскен талап арыздар бойынша тек соңғы 2 жыл ішінде мемлекетке жалпы құны 1,3 млрд.теңгені құрайтын 42 мың. га жер қайтарылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627