Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3163 0 пікір 12 Қыркүйек, 2016 сағат 19:59

ОҚО-да 4 мыңға жуық азамат тілді оқып үйренген

Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Қасым Ағабеков  мәлім етті.

Осы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндаған Қ.Ағабеков облыстағы 14 аудан, қалада мемлекеттікжәне орыс, ағылшын тілдерін оқытатын орталықтарда 3839 азамат тілді тегін оқып, үйренген. Олардың ішінде 1665-і мемлекеттік тілді, ал 931-і орыс тілін үйренсе, 1243-і  ағылшын тілді оқып меңгерген.

Жалпы облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 91%, орыс тілін меңгергендер үлесі 62,5%, ағылшын тілін меңгергендер үлесі 8%-ға жетті. Ал үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендердің үлесі 10,2%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, баяндамашы Елбасы міндеттегне үштілділік мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

«Бұл бағытта 45-тен астам іс-шара мен дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізілді. Жергілікті, аудандық, қалалық БАҚ-та үш тілділікті дамыту жөнінде 60-тан астам мақалалар жарық көрді. Басқарманың ұйымдастыруымен «Облыстық біліктілікті арттыру» семинары, «Тіл шебері» облыстық байқауы, облыстық «Абай оқулары» байқауы,  «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен», Көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы XVIII облыстық байқаулары өткізілді»,-деді Қ.Ағабеков.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627