Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Саясат 13695 0 пікір 9 Қыркүйек, 2016 сағат 18:40

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ПРЬЕМЕР-МИНИСТР БОЛДЫ

Президент жарлығымен Бақытжан Сағынтаев прьемер-министр болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Мәжіліс депуттары қолдаған.

Кеше Қазақстан Үкіметін ұзақ жыл басқарған Кәрім Мәсімов қызметінен босап, ҰҚК-ның төрағасы болып тағайындалған еді. Сөйтіп, Бақытжан Сағынтаев Үкімет басшысының міндетін уақытша атқарушы болып бекітілген. Енді міне, ресми түрде Қазақстан Үкіметін басшысы болды.

Биліктегі өзгерістерге қатысты Президент Н.Назарбаев: «Көпке созбаймыз. Үлкен өзгерістер болады деп ойламаймын. Өйткені, Үкімет қиын кезеңде жұмыс істеп, алдына қойылған міндеттерді атқарып отыр» деген еді.
Енді Бақытжан Сағынтаев жаңа Үкіметті жасақтауы тиіс. Алайда, Президенттің сөзіне қарағанда, анау айтқандай өзгерістер болмайтын сықылды. Президенттің «Үкімет қиын кезеңде жұмыс істеп, алдына қойылған міндеттерді атқарып отыр» деген сөзіне қарап, ендеше, Үкіметті ауыстырудың қандай қажеттілігі болды деген сауал туады. Біздің ше, Үкіметтің ауысуына Кәрім Мәсімовтың қоғам тарапынан көп сынға ұшырауы себеп болған сияқты. Әйтпесе, Сағынтаев Үкіметі де ішкі-сыртқы саясатта, ел экономикасында үлкен өзгерістер мен реформалар жасайды дегенге сену қиын. 

Нұра Матай

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1640