Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 6379 0 пікір 9 Қыркүйек, 2016 сағат 15:27

ЕЛБАСЫ: "ҚАЛАНЫҢ ІШІНДЕ ЖЕРДІ ЗАҢ ЖОЛЫМЕН АЛЫП, ХАЛЫҚҚА БЕРІҢДЕР"

Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуге тапсырма берді. Соның аясында Президент қалалардың маңайындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, xалыққа 10 сотық жер ретінде беру қажеттігін жеткізді, деп xабарлайды "Абай-ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Әкімдер ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, қазіргі жер қорын толығымен түгендеп шығуы тиіс. Осыдан кейін қалалардың бас жоспарын өзгерту бойынша тиісті ұсыныстарлы енгізу керек. Әкімдерге жерді мемлекет меншігіне, соның ішінде, жеке тұрғын үйге қажетті жерлерді сатып алу құқығын берген дұрыс. Иә, қаланың ішінде жер жоқ. Бар болса, беріңдер. Оған инженерлік желілерді де тарту оңай. Ал қаланың сыртындағы жерлер кім көрінгеннің қолында кетті. Енді, шалқайып жатыр. Әкімдер оны алып қоя алмайды. Айтпақшы, қазір, көбінесе, Астана, Алматы, Шымкент сияқты қалаларда 10 жерге сұраныс жоғары. Сондықтан әкімдер бос жатқан жерлерді заңды түрде алуы қажет. Егер жерді заңға сәйкес игермей жатса, прокурорлармен бірге барып, алып қою қажет. Болмаса, өздері сатып алған кадастрлық бағасымен қайтарған жөн. Осыны алдын ала ескертіп отырмыз, жерді алдындар ма, ферма саламыз дедіңдер ме, үй саламыз деп айттыңдар, енді соған жауап беретін кез келді. Бұл мәселені ұзаққа созуға болмайды. Міне, сол кезде адамдар 10 сотық жерлерін алып, жеке үйлерін сала алады. Бұны қолға алсақ, құрылыс саласы жандана түседі. Құрылыс материалдарына сұраныс көтеріледі. Адамның өзі үйі болғанға не жетсін! Ертең ол үй баласына қалады, немересіне қалады», - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, 10 сотық жер беру мәселесі Жер комиссиясының отырыстарында көтерілген болатын. Сол кезде комиссия басшысы Асқар Мырзаxметов: «Бүгінде әкімдер қаланың сыртындағы жеке меншік жерлерді мемлекет меншігіне қайтара алмайды. Заң бойынша ол жерде мектеп, ауруxана, я болмаса, балабақша сияқты әлеуметтік нысандар салынса ғана оны мемлекет меншігіне қайтаруға рұқсат бар», - деп айтқан болатын.

Демек, Президенттің бүгінгі бастамасын іске асыру үшін заңнамаға өзгеріс енгізіп, әкімдерге бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мүмкіндігін беруге болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618