Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3816 0 пікір 8 Қыркүйек, 2016 сағат 09:54

Қытайда теракт жасаушылардың төлқұжаттары ИМ мүшелеріне тиесілі

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі 21 жастағы Фирдавс Бободжонов пен 33 жастағы Зоир Халилов қазіргі уақытта «Ислам мемлекеті» террористік тобының қатарында жүр деп мәлімдеді.

ІІМ мәліметі бойынша, олар қазір іздеуде әрі олардың аттарына тіркелген құжаттардың Қырғызстанда бөгде адамдардың қолдарына қалай тап болғаны түсініксіз.

«Бішкектегі террористік актіні «Әли» деген лақап атқа ие Қырғызстан азаматы Иззатилло Сотибоев жасаған. Оның қолында ИМ мүшесі, Тәжікстан азаматы Фирдавс Бободжоновтың төлқұжаты болған», -делінген хабарламада. ​

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Фирдавс Бободжонов Сирияда болған. Оның үстінен Тәжікстанның құқық қорғау органдары шетелде соғыс әрекеттеріне қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғаған. Қазір тәжіктің арнайы қызметі Фирдавс Бободжонов пен Зоир Халиловты іздеу үстінде.

Қырғызстанның арнайы қызметі 6 қыркүйекте Бішкектегі Қытай елшілігінде теракт жасаған адамның аты-жөні белгілі болды деп мәлімдеді. Олардың біреуі ұйғыр азаматы болған, қолында Зоир Халиловке берілген тәжік төлқұжаты болған. Ол Түркістанның ислам қозғалысының мүшесі болған. Сириядағы «Жабхат ан Нусра» ұйымымен байланысы бар ұйғыр террористік тобының тапсырмасы бойынша теракт жасаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1025
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2572
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 715
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 678