Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 4480 0 пікір 6 Қыркүйек, 2016 сағат 13:36

РЕСЕЙ ШЕКАРАМЫЗДЫҢ МАҢЫНДА ЖОЙҒЫШ ҰШАҚТАРЫН СЫНАП КӨРМЕК

Жақында солтүстіктегі Ресей Федерациясы Қазақстанмен шекаралас Алтай аймағында ауқымды әскери оқу-жаттығу шарасын өткізбек. Бұл туралы ресейлік «РИА Новости» агенттігі хабарлады.

РФ Қарулы күштерінің шекара шегінде өткізетін әскери оқу-жаттығу шарасына 4 мыңнан астам әскери мен 400-ге жуық техника жұмылдырылмақ екен. РФ Қарулы күштерінің стратегиялық мақсаттағы Зымыран әскерінің әскерилері мен әуе әскери күштері өткізгелі отырған шараға МиГ-31 жойғыш ұшақтары мен Су-24МР барлаушы ұшақтары қолданылмақ. Бұл туралы РФ Қарулы күштерінің майоры Дмитрий Андреев мәлімдеген. Айта кетейік, өткен айдың өзінде Ресей территоиясының бірнеше аймағында дәл осындай әскери жаттығу шаралары өткен болатын.

Ресейдің Қырымды заңсыз аннекциялауы мен Украинаның Луганск және Донецк облыстарына сеператистердің кіргізілуінен кейін, «Қырым сценарийі» қайталануы мүмкін деген болжамдар да айтылды. Әсіресе, Ресейдің агрессиялық саясаты пост-кеңестік кеңістіктегі бірқатар елдердің территориялық тұтастығына нұқсан келтіруі мүмкіндігі де жиі талқыланды.

Ресейдің әскери оқу-жаттығу шараларын өз территориясында өткізуі заңдылық, әрине. Десе де, бейбіт күнде бөгде елдің шекарасының дәл түбінде мұндай ауқымды шара өткізу үрей туғызады.

Ресей Қарулы күштерінің майоры, РФҚК стратегиялық мақсаттағы Зымыран әскері басқармасының басшысы Дмитрий Андреевтің айтуынша,  шекаралық аймақта МиГ-31 жойғыш ұшақтары мен Су-24МР барлаушы ұшақтары қолданылады екен. Аталған ұшақтар ҚР территориясына заңсыз кірмесіне кім кепіл?

Өткен жылды РФ Қарулы күштерінің дәл осы Су-24 барлаушы ұшағы Түркия территориясына заңсыз кіріп, ақыры екі елдің арасында үлкен дау туындаған еді. Аталған сценарий  енді Қазақстанмен де қайталанбасына РФ кепіл бола ма? Ресейдің мұндай ауқымды шараны еліміздің шекарасының дәл түбінде өткізуі – Тәуелсіз елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей ме?

Бұл жөнінде кеңірек білмек болып, кезінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болған, ҚР Қарулы күштерінің запастағы генерал-майоры Әмірбек Тоғысовқа хабарласқан ек.

Әмірбек Тоғысов, запастағы генерал-майор:

-Мұндай әскери-оқу жаттығу шараларын басқа мемлекеттің өткізуіне құқығы бар, әрине. Бірақ шекараға жақындағанда олар бірінші ескертіп, әскери атташелерді шақырып хабарлауы керек.  Мұндай шарттар бар.  Қазір қарап отырсақ, мұның гео-саяси астары да бар болуы мүмкін.  Қазір Ресей батыс аймағында көп жаттығулар өткізіп жатыр. Неге?Мұндай сұрақты Батыс елдері де жиі қойып жатқан болуы керек. Бұл соған жауап ретінде өткізіліп отыруы мүмкін. Енді  Ұжымдық қауіпсіздік келісімі аясында Қазақстанмен шекаралас аймақта да жаттығу жасап жатырмыз деген мақсат жатуы да мүмкін.  Сонда да мұндай жаттығу  кезінде, анау барлау, бақылау ұшақтарын қолдану арқылы еліміздің шекарасын суретке түсіріп алу да мүмкін. Сондықтан біздің Қорғаныс министрлігі мұны қатаң бақылауға алып, керек болса нақты талаптарын қоюы керек. Бұған біздің толық құқымыз бар.  Қандай жолдастығымыз болса да,  Тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін мұндай шараларға қатысты бей-жай қарап отыруға болмайды. Сондай-ақ, біздің әлгі ҰҚК аясында шекара маңында барлаушы ұшақтарды қолдану қаншалықты рұқсат етілген? Соны анықтап алуымыз керек. Бірақ, әлгі өзіміздің  кәдімгі үйдің өзінде,  көршіміздің үйіне рұқсатсыз баса-көктеп кіруге болмайды ғой. Егер кіріп кеткен жағдайда дау-жанжал болады. Дәл сол секілді,  Түркияда болғандай Ресей ұшақтары еліміздің аумағына кіріп кетсе, онда сөзсіз  дау басталады. Сондықтан алаңдаушылықтың болуы дұрыс.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598