Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 4844 0 пікір 5 Қыркүйек, 2016 сағат 10:31

МҰНДАЙ МАРАФОН КІМ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің қазақ «біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді» дегенді  қалай тауып айтқан.   Жексенбі күні елорда  халқы  соған куә болды.  Шенеуніктер марафон ұйымдастырып,  қаланың жартысын  қолдан «парализовать» етіп тастады. 

Астананың сол жағынан оң жағына, оң жағынан сол жағына жете алмай зарыққан жұртта есеп жоқ. Біреу поездан қалдым деп еңірейді. Біреу ауежайға жете алмай зар иеледі.  Тіршіліктің күнделікті күйбеңімен жүрген жұрт  не анда жоқ, не мұнда жоқ «кептелістің» тұтқыны болды да қалды. Көліктердің ішінде  шөлдеп жылаған балалар... 

Себебі, көше-көшенің бәрі көлікке лық толған. Қиылыстардың бәрінде жол полициясы қызметкерлері. Не  былай, не былай жібермейді.  Қайта кері қуып, жайшылықта  өздері аңдып  жүріп айып салатын жол белгісін де керек қылмай, жүруге  тыйым салынған жерлерге бұрып жібереді.  

Рульде 4 сағаттай отырып, жетер жеріме әрең жеткенше халықтың әбден берекесі кеткенін көрдім. Марафонды ұйымдастырушылардың  жап-жақсы істі соншалықты сауатсыз, соншалықты қарабайыр, соншалықты бір жақты ұйымдастырғанына налыған жұрттың   ренжіп жандары күйіп айтқан сөздерінен құлақ тұнады.  

Расында мұндай   марафон кімге  керек?  Жоғарыдағы шенеуніктер үшін жүгіруге ыңғайлы жер Астананың қақ ортасындағы көшелер деп шешім қабылдаған кім? Қала тұрғындары мұндай кезде қандай жағдайда қалады дегенге олардың басы жетпегені ме? 

Ау, марафон ұйымдастырғысы келсе, қала шетіндегі  жолдар жетеді ғой, солардың бір жағымен құмарлары қанғанша 40-50 шақырымға жүгірсін.  

Кешкісін шенеуніктер  теледидардан  дүрілдеген марафон өткенін айтып мәз болып тұр. Саламатты өмір салты насихатталды дейді.    

Қайдағы саламаттылық? Кептелісіте  қалған қанша адамның қан қысым көтеріліп, басы ауырғанын, қанша сәбидің шөлдеп шырылдағанын, билеті қалтасында, өзі не ұшаққа, не поезға жете алмай  жүйкесі тозған жұрттың денсаулығына қаншалықты зиян келтіргенін біле ме бұлар? 

Бір сөзбен айтқанда, Астанада   сауатсыз ұйымдастырлаған, тек «марафон өтті» деген  белгі үшін қолдан жасалған мәдениетсіз шара болды. Бұған бүкіл халық куә! 

Интернет  желісінде Премьер-министр Кәрім Мәсімов марафонның ұйымдастырылу жағын сынады деген ақпарат жүр. Өте орынды сын.  Өйткені, мұндай марафонның қалалықтар үшін көк тиынға да керегі  жоқ.

Ғабдул Мерқұрман

(Cуреттер Тengrinews.kz сайтынан алынды)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576