Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 7875 0 пікір 26 Тамыз, 2016 сағат 16:14

ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМДІК ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛДЫРУҒА НЕ КЕДЕРГІ?

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі десек те еліміздегі туризм индустриясы қарқынды дамыған сала дей алмаймыз. Мәселенки, Көкшенің курорттық аймақтарындағы қонақ үйлердің бағасы аспандап кеткені көп айтылады. «Бурабайдағы» бір бөлменің құны тәулігіне 55 мың теңгеден басталса, Түркия курорттарындағы аналогтық баға 38 мыңнан басталады екен.

Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Туризм индустриясының мемлекеттік бюджетке түсіретін валюталық түсімі, орта және шағын бизнеске көмегі, тауар мен қызмет көрсету нарығы арқылы аймақтардың экономикасының дамуына ықпалы өте зор. Әсіресе «ЭКСПО-2017» қарсаңында ішкі туризм ел экономикасының локомотивіне айналуы бек мүмкін. Бұл туралы «Деловой Казахстан» басылымына сұхбат берген Туристік ұйымдар Ассоциациясының төрағасы Айдар Кенжеғұлов мәлімдеген.

Хош, Халықаралық көрме аясында шетелдік туристерге еліміздің көрікті орындарын көрсету – Қазақстан туризмін дамытудың жүйелік жоспарына енгізілуі тиіс-ақ.

Сарапшының пікіріне сүйенсек, ішкі және сыртқы туризмнің кіндігі ретінде бөктері бетегелі Бурабай курорттық аймағын алып қарастыруға әбден болады.

«Сыртқы туризмнің классикалық цифрларына назар аударып көрейікші, бір шетелдік турист бір күнде 100 доллар жұмсайды деген күннің өзінде еліміздегі курорттық аймақтар қолжетімді әм қауіпсіз болмай ма?! Ендеше қазақстандықтардың көбі ағылып Түркия немесе басқа жаққа кетуге асығады?.. Бурабай Астанадан тым алыс емес. Жолы да жөнделген. «Бірақ» дейтін мәселелер де жоқ емес, әрине. Себебі, отандық демалыс орындарының жарнамасы аз. Мысалы, интернеттен Түркияның демалыс орындары туралы іздесеңіз, қаптаған курорттарды табасыз. Ал бізде ше?! Өкінішке орай тек демалыс орындары ғана емес, бізді қызмет сапасы да сын көтермейтіні жасырын емес»,-дейді Айдар Кенжеғұлов мырза.

Сервистік қызмет және қонақ үй бизнесі туризм саласының айнымас бөлшегі екенін ескерсек, төмен сападағы қызмет үшін тым қымбат баға көрсеткіші,мамандандырылған кадр тапшылығы, жарнаманың жеткіліксіздігі ішкі туризмнің дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр десек жаңылыспаған болар ек.

«Өкінішке орай Қазақстанда тек қана сервистік қызмет дамамаған, сонымен қатар, кәсіпкерлік те кешеуілдеп тұр. Мысалы, сувинирлер сату, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік-сыныптарын ұйымдастыру, видеотектер немесе презентациялық материалдарды жарнамалайтын бейне кафелер ұйымдастырылмаған. Әйтпесе, Шығыс Қазақстанның табиғаты қандай керемет. Тауы да бар, ну орманы да бар, жазық даласы да бар, өзен-көлдері де жетерлік. Ең бастысы климаты ерекше ғой. Жергілікті туристер қазіргі қызметке үйреніп қалған болса, шетелден келетін туристер үшін жоғарыда айтылған тетіктер ең маңызды аспекттер болып табылады. Осыдан-ақ қорытынды жасауға болады»,-дейді Туристік ұйымдар Ассоциациясының төрағасы Айдар Кенжеғұлов.

Сонымен қатар, Қазақстанда шетелдік әм отандық туристерге ұсынуға болатын қызмет түрлері жетерлік. Мысалы, атпен серуендеу, велосеруен, қайықпен серуен, катамаран, яхта, квадрацикл, паралан, әуе шары, парашюттен секіру, қыста – шыршалы орманда серуендеу, эконтуризм саласы бойынша – фотоаңшылық, саңырауқұлақ теру, балыққа шығу, табиғи қорықтарды аралау т.с.с.

«Жоғарыдағы біз атап өткен факторлардың барлығы дерлік Қазақстанның ішкі туризмін дамытуға айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Мысалы, Қытайда туризмнің үш бағыты бар. Олар: табиғи обьектілердегі туризм, тарихи ескерткіштер, ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру. Ал бізде мұның барлығы бар емес пе?!»,-дейді Айдар Кенжеғұлов.

Ал Туристік ұйымдар Ассоциациясының Президенті Роза Асанбаева ханым, журналистерге берген сұхбатында ішкі туризмнің дамуына ендігі жылы Елордада өтетін Халықараолық «ЭКСПО-2017» көрмесі таптырмайтын мүмкіндік екені айтқан.

«Бізде бәрі бар, тек қымбат. Сондықтан да, қазақстандықтар Бурабай немесе Алакөлге барып демалудың орнына шетелге шығып жатады. Ал бізге мұнай, газ, түрлі метеллдар алуға келген дәулетті бизнесмендер ғана келіп демала алады. 5 жұлдызды қонақ үйлер тек солаға арнап салынады. Міне, біздегі туризмнің хәлі. Ал біз ішкі туризмнің жанданғанын, қазақстандықтар өз елімізде демалғанын қалаймыз. Сондықтан, кем дегенде инфрақұрылымды дамытуымыз керек. «ЭКСПО-2017» көрмесі келе жатыр. Сондықтан ойлануымыз керек. Әсіресе, отандық кәсіпкерлер, инвесторлар үшін бұл таптырмайтын мүмкіндік»,-дейді Роза Асанбаева ханым.

Ал сарапшы  Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, ішкі туризмнің драйвері ретінде кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырылуы керек.

«Ол үшін туристік аймақпен айналысатын кәсіпкерлерге немесе инвесторларға жеңілдіктер қарастырылуы тиіс. Мысалы, салық көлемін азайту, субсидиялау, жеңілдетілген пайызбен несие беру, қолжетімді визалық режим т.б. Мысалы, көрші Ресейде туристік-рекреациолнды кластер резиденттері үшін салық көлемі бес жылға табыс көлемінің 5 пайызынан асырмайды. Бұл шағын бизнестік дамуына және шетелдік инвесторларды тартуға үлкен сеп болары сөзсіз»,-дейді Айдар Кенжеғұлов.

Рас, Халықаралық деңгейдегі көрмені өткізу Қазақстан экономикасы үшін табыс көзінің жаңа нүктесін ашуға, Қазақстанның курорттық аймақтарын әлемдік туристік орталыққа айналдыруға таптырмас мүмкіндік. Ол үшін Астанадағы ақ жағылалар қуатты туристік инфрақұрылымды реттеу мәселесін күн тәртібіне шығару тиіс. Әйтпегенде, әлектенгеніміз бекерге шығу бек мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3528