Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2931 0 пікір 20 Тамыз, 2016 сағат 17:26

ОҚО-да жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың 85 дерегі анықталған

Кеше облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаевтың қатысуымен жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату бойынша облыс әкімінің тапсырмасының орындалуы  аясында жергілікті полиция қызметінің есеп беру мәжілісі өтті.

Жиында облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары М.Зұлпұхаров және облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы М.Отаршиев баяндама жасады.

Есепті кездесуде ұсынылған мәлімет бойынша,  2016 жылдың 7 айында облыс көлемінде жер қойнауын өз бетінше пайдаланудың 85 дерегі анықталған. Оның ішінде, 38 дерек жергілікті полиция қызметінің жеке іздеуімен анықталып отыр. 

Сонымен қатар, есепті жиында басқарма басшысы М.Отаршиев тарапынан Шымкент қаласы аумағындағы құм, тас, топырақ сату орындарының заңдылығын қарап, тиісті шара көру қажеттігі жөнінде мәселе көтерді.

Мәжіліс қортындысы бойынша өңір басшысының орынбасары  баяндамашылар тарапынан айтылған ұсыныстар назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуін тапсырды.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылығы мақсатындағы жер қойнауларын және табиғи қойнауларды заңсыз пайдаланушылармен күрес қарқынды жүргізіліп отырады. Қазақстан Республикасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы аталған мәселеге ерекше мән беріп, Мемлекет басшысының өңірлердегі заң бұзушылықтарды қысқарту туралы тапсырмасы аясында арнайы рейд жүргізіп отырады. Жоғарыдағы келтірілген деректер солардың бірсыпарасы ғана. Баяндамада айтылғандай, арнайы рейд нәтижесінде анықталған сексен бес заң бұзушылықтың 38-і жергілікті полиция қызметінің жеке іздестіруімен анықталған.

Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2057
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4115