Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 11516 0 пікір 18 Тамыз, 2016 сағат 10:24

Б.Атамқұлов шекарашыларды құттықтады

18 тамыз — шекарашылар күні. Кеңес кезінде 29-мамыр күні тойланатын мереке 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге ауысқан. Отанды қорғап, күні-түні көз ілмейтін шекара қызметінің қиындықтарын кез келген жанның біле бермесі анық. 

Шекара қызметі жылдамдықты талап етеді. Мұнда әрбір сәт санаулы. Темірдей әскери тәртіпке нағыз ер азамат қана шыдай алады. Мұнда «істей алмаймын», «қаламаймын» деген сөздің өзі жоқ. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, мұндағы әрбір бұйрық талқыланбайды, мүлтіксіз орындалады.

Бұл қызметте алыстағы ата-ананы сағыну мен зерігуге мұнда уақыт жоқ. Қару-жарақ, нұсқама, бұйрық және қайта жасаққа бару. Шекараға жау шапты дегеннен мұндағы жауынгерлер жатпайды. Күні-түні ел бекінісін қызғыштай қорғайды. 

Құрметті шекарашылар! 
Қымбатты біздің айбынды офицерлер мен сарбаздар, шекара қызметінің ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз шекарашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғаудағы еңбектеріңіз орасан.
Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Жауапты қызметтеріңізде қашанда табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары!

Құрметпен, 
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі 
Бейбіт Атамқұлов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485