Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Шамшырақ 4229 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 15:58

ТИЩЕНКО ПУТИННІҢ ҚОРҒАУШЫСЫ ЕКЕН

Рио олимпиадасында төрешілердің шешімімен Василий Левитті жеңді деп есептелініп, алтын жүлде алған Ресей боксшысы Евгений Тищенко Ресей президенті күзетінің қызметкері болып шықты. Бұл туралы dni.ru сайты жазды. Боксшының өсуі кезеңі Ресей ішкі істер министрлігінде өткен. Кейін әскерге шақырылып, содан соң федералды күзет қызметіне алынған.

Евгений Тищенкоға жеңімпаз деп таныған төрешілер көрермендер мен жанкүйерлердің қарсылығын ғана емес, дүниежүзіндегі көптеген бокс жанкүйерлерінің наразылығын тудырып, әлемдік басылымдар финалдық кездесу әділетсіз бағаланды деп мақала жариялады. Ал, Қазақстан бокс федерациясы Левитке берілетін сыйақы күміс медалға емес, алтын медалға берілетін сомамен теңестірілгенін мәлімдеді.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2056
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4918
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4114