Созақ ауданында Жастары күні аталып өтті
16 тамыз Созақ ауданы Жастары күні. Бұл күн 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде аталып өтеді. Биылғы жылы атаулы күн, Шолаққорғанның орталық алаңында кең көлемді тойланды. Мерекелік кеште аудан әкімі Мақсат Исаев жастарды құттықтады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Жастар біздің қозғаушы күшіміз. Қашанда игі істердің қатарында жүретін жандар. Біздің ауданның жастары да қай салада болмасын өздерін жақсы қырынан танытып келеді. Ел, аудан намысын сырт елде танытып жүрген жастармен мақтанамыз»- деген Созақ ауданы әкімі Мақсат Исаев, өз саласында үздік нәтиже көрсетіп жүрген бірнеше жастарды алғыс хаттармен марапаттады.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Еспенбетов пен облыстан арнайы келген "Жастар саясаты мәселелері" басқармасының бас маманы Әбдікерім Алмас аудан жастарына құттықтау лебізін білдірді.
Аудан жастарының мерекелік кешінде мәдениет үйінің қызметкерлерімен көңілді тапқырлар клубының «Созақ серілері» командасы өнерлерін көрсетті.
Мерекелік кеш соңы отшашуға ұласып, жастардың би кешіне жалғасты.
Айта кетейік 12-тамыз Халықаралық Жастар күні ретінде тойланады. Бұл күнді тойлауды оңтүстік халқы дәстүрге айналдырған.
Abai.kz