Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Тұлға 5056 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 12:15

НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРИХИ БІТІМГЕРЛІК БАСТАМАЛАРЫНЫҢ БЕЙМӘЛІМ ТҰСТАРЫ

Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынас үшін жаңа кезең басталды. Әрине, екі елдің ара қатынасының бүгінгідей маңызды бетбұрыс жасауы тарих кітаптарында орын алып үлгерген шебер дипломатия мен стратегиялық жетістіктің арқасы екені рас. Бұл жеңіс пен жетістіктің бас кейіпкері – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Өткен күндері «Хүрриет» газетінің көсемсөзшісі Мұрат Йеткин екі ел арасындағы қарым-қатынастың қалайша қалпына келгенін егжей-тегжей жеткізген болатын. Дегенмен Қазақстанның саяси-экономикалық жағдайын о бастан зерттеп жүргендіктен, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан бұрын айтылған бітімгерлік бастамасы туралы жұртшылыққа толық көрсетілмеді деп ойлаймын.

Ендеше, Қазақ Елінің көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи бітімгерлік бастамаларына қатысты беймәлім тұстарына тоқтала кетейік.

 

Ресей ұшағының атып түсірілген 2015 жылдың 24 қараша күні

- Былтыр желтоқсан айында Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге қатысты екіжақты қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталып, телефон арқылы сөйлеседі.

- Жаңа жылдың қаңтар айында туристік операторлар мен қонақ үйлер арасындағы жағдай күрт өзгере бастайды. Өткен жылмен салыстырғанда Түркияға келетін ресейлік туристердің саны 90 пайызға төмендейді. Сол кезде қазақ қоғамы жағдайдың әлдеқайда күрделі екендігіне көз жеткізеді.

- Содан Түркияның ресми делегациясының 5 ақпан күні Қазақстанға жұмыс іс-сапармен келетіндігі туралы хабар жетеді. Түркия Премьер-министрі бастаған делегация құрамында Премьер-министр орынбасары Тұғрыл Түркеш пен Көлік және коммуникация министрі Бинали Йылдырым болады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен ресми келіссөздер шамамен 3 сағатқа созылады. Түркия-Ресей қарым-қатынасын қалпына келтіру үшін алғашқы ұсыныстар осы кездесуде айтылады.

 

Тарихи процес басталды

- Әлгі Астанадағы кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Түркияға қатысты көзқарасын біліп, тамырын басып көреді. Бұдан бұрын «Түркі әлемінің Ақсақалы» болып атанған көреген қазақ Көшбасшысы ресейлік әріптесінің оңды көзқарасын байқап, «тарихи табыстыру» рөлін атқаруға бел буып кіріседі.

- 12-14 сәуір күндері аралығында Түркияда өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының жиналысына қатысу үшін Нұрсұлтан Назарбаев Ыстамбұл қаласына келеді. Сәуірдің 13 жұлдызында «Йылдыз» сарайында екіжақты кездесулер өтеді. Сол тұста қазақ көшбасшысы Назарбаев пен Түркия Президенті Ердоғанның 1.5 сағаттық жеке кездесуі болады. Кездесу барысында Президент Ердоған Ресейге қатысты мәселенің шешімін табу үшін алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтан қолдау сұрайды.  

- 13 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев түркиялық әріптесі Ердоғанға ресми хат жібереді. Елбасы Назарбаевтың Ердоғанға жолдаған хатында, былтыр болған апатты оқиғаға байланысты көңіл айтып, ізгі ниетін білдіретін хат дайындап, Ресей Президентіне жіберуді ұсынады.

- Бұл процестің негізгі кілті – хатты жолдауға шешім қабылданған соң, Қазақстан көбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 9 мамырда Жеңіс күні мерекесіне орай В.Путинмен кездесу үшін Мәскеуге аттанады. Әсілі, Ресей Президенті осы кездесуде  келісім беретін көрінеді. Содан соң мамыр айының аяғында Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әріптесімен Санкт-Петербургте тағы да басқосып, Түркияға қатысты мәселені көтереді.

- Ағымдағы жылдың 20 маусым күні Қазақстанның Түркиядағы елшісі Жансейіт Түймебаевқа Ташкентте өтетін ШЫҰ саммитінде Түркияға қатысты барлық жағдайдың жасалатындығы туралы хабар келеді. Сондай-ақ, хаттың шұғыл дайындалып, ШЫҰ саммиті барысында Ресей Президенті В.Путинге қолма-қол беру керек деп, Түркия тарапына жеткізу міндеті тапсырылады. Елші Ж.Түймебаев 21 маусымға дейін Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен шұғыл кездесіп, содан кейін кешіктірмей Түркия Президент әкімшілігінің ресми өкілі Ибраһим Калынға хабарлайды. И.Калын Президент Ердоғанға бұл ақпаратты жеткізетіндігін және қабылданған шешімді хабарлайтындығын айтады. Сонымен Түркия Президенті хаттың жазылуына келісім береді.

 

Уақытпен жарыс

- Нұрсұлтан Назарбаев 22 маусым күні Ташкент қаласына келген соң, ең алдымен хаттың жағдайын сұрайды. Өйткені хаттың кешігуі еріксіз алаңдаушылық туғызады. Уақытпен жарысатын сынды сәт. Түскі уақытта В.Путин Ташкент қаласынан (Қытайға іс-сапармен) ұшып кету керек болатын. Сонымен хат Түркияның Өзбекстандағы елшілігі арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа жетеді. Елбасы екі елді табыстыратын мазмұнда жазылган хат мәтінін ұнатады. Енді Түркия Президентінің жеке қолы қойылған хатты В.Путиннің қолына жеткізу міндеті тұрды.

- Түркия Президент әкімшлігінің ресми өкілі И.Калын жеке ұшақпен таңғы сағат 05.00 Ташкент қаласына қарай аттанады. Ұшып бара жатқанына 1.5 сағат уақыт өткеніне қарамастан, Ташкенттің әуежайына қону үшін әлі рұқсат берілмеген еді. Жалпы, сол аралықта елші Ж.Түймебаев пен И.Калын кешкі уақыттан бастап, түні бойы сөйлесіп отырады. Ташкентке қона алмай жүрген И.Калын елші Ж.Түймебаевпен байланысын үзбейді. (Интернет желісі арқылы алғашқы хат алмасу таңғы сағат 05.30 басталады). Ұшақты не Бакуге, не болмаса Ташкентке жақын Шымкент қаласына қондыруды сұрастырып жатқанда, И.Калын елші Ж.Түймебаевтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзбек әріптесімен сөйлесуін өтінеді. Өзбекістан Президенті И.Каримовпен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев ұшақты қондыру үшін рұқсат беруге көндіреді. И.Каримов Өзбекістан Премьер-министріне тапсырады.

- Ұшақтың қонған сәті де өте маңызды... Себебі Түркия Президент әкімшілігінің ресми өкілі И.Калынды Қазақстанның Өзбекстандағы елшісінің өзі қарсалып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жолықтырады. Уақыттың аз болғанына қарамастан, аталмыш хат мемлекет басшыларының бірлескен баспасөз конференциясы басталмай тұрып қолға жету керек болатын. Нұрсұлтан Назарбаев В.Путиннің ресми өкілі Ю.Ушаков арқылы хатты жеткізеді.

 

В.Путиннің жағымды жауабы 

- Түскі ас кезінде Ресей Президенті В.Путин хатты осы қалпында қабылдайтынын Нұрсұлтан Назарбаевқа хабарлайды.

- Сонымен маусымның 27 күні ресми хабарландыру жасауға шешім қабылданады. Түркия Президент әкімшілігінің ресми өкілі И.Калын: «Ресеймен қарым-қатынасты дамыту мәселесінде келісімге келдік» деп, көптен күткен мәлімдемені жасайды. Түркия-Ресей қарым-қатынасының қалпына келетіндігі туралы хабар жарияланғаннан кейін Реждеп Тайып Ердоған мен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлеседі. Түркия Президенті Ердоған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ресми түрде Түркияға шақырады. Мәлім болғандай, ағымдағы жылдың 5 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев Анкараға ресми сапармен келіп, Түркияны және Түркия Президентін қолдайтындығы туралы мәлімдеме жасады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік бастамасы және жасаған стратегиялық қадамдары «Түркі әлемінің Ақсақалы» дейтін атқа қаншалықты ылайықты екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Авторы: Күршат ЗОРЛУ

«Йени Чағ» газеті

13.08.2016

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3349
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6223