Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақиқатқа қиянат 3899 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 15:48

НАРАЗЫЛЫҚ ҚАЙДАН ТУЫНДАЙДЫ?

Бізде қоғамның ойынан шығатын жаңалықтар мен заңдылықтар айтылғанымен, олардың көпшілігі, жергілікті жерлерде жүзеге асырылып жатқан жоқ.

Жыл сайын мыңдаған жастарымыз жоғарғы оқу орындарын бітіргенімен, өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай, босып жүр. Ал, соңғы кезде барып қайтқан 8 ауданның білдей мекемелерінде зейнеткерлік жасқа толып кеткендер, әлі күнге дейін талтайып отыр. Отыр дейміз-ау, тума-туыс, құда, тамыр-таныстықтың арқасында отырған орындықтарына риза болып отыр. Маман, біліктілік, талаптың барлығы дерлік, қажеті жоқ жорамалға айналған. Мемлекеттік қызмет орындары, зейнеткерлігіне қоса, айлығын беріп, сый-сыйпат көрсетуге, арналған параға айналды десек, үстіне дөп түсеміз. 

Мемлекеттік қызмет пен бюджеттен жалақы алатын зейнеткерлер, келісім шарт деген қулықпен, уақытша шартқа отырып, сайран құрып жатыр. Қоғамнан, болашағын болдыра алмай жүрген жастарымыздан қысылуды білмейді. Себебі, олардың бойында ұятты сезінетін бірде-бір сезім еті қалмаған. Егер маманы жоқ, алшақта жатқан елді мекендер болса, келісуге болар еді.

Білдей мекемелерді мамандығы келмейтін, түрлі себептермен мемлекеттік қызметтен босатылған әпербақандар басқарып жатыр.

Мәселен, аудандық «Қазпошта» мекемесін алайық. Мекеме екінші деңгейдегі банк құзіретін ала тұра, ол мекемелер, инженер, зоотехник тәріздес мамандардың ермегіне беріліп қойылған. Әлде бұл мекемелердің басшылықтарына қойылатын біліктілік талабына жоғарғы білім болса жарап жатыр ма? Банкіде қаптап жұмыс жасап жатқан қаржыгер мамандарды, қой мен темір маманы басқаруға болатын болса, "онда балаларымызды біз неге сол мамандыққа оқытпадық" деген жайды айтушылар көп.

Бұл, мекеме жалғыз емес. Қомақы қаржысы бар, жауапкершілігі мен бүгінгі аталап тұрған ахуалды жайлары шаш етектен асатын мемлекеттік мекемелердің көпшілігін, зоотехник, инженер, мұғалімдер басқарып отыр.

Елбасы мен Үкіметтің қойып отырған талаптарын, жергілікті жерде  қадағап, талап ету, қашан қолға алынады? Аудан орталықтарындағы жауапты орындардың барлығы дерлік, әркімнің мазағына айналған. Бұл қисынсыз жайлар тез арада жойылмаса, ел арасындағы наразылық отқа айналмасына кім кепілдік береді? Заңдылықты қадағалау орындары бұл жайларға қатаң шектеу қойып, орын алған заң бұзушылықты жедел тоқтатпаса, етек жайған жүгенсіздік шектен шығып бара жатыр.

Әбдімәлік Орынбасаров 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534