Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3077 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 15:32

Риодағы Паралимпиада кестесі қаржы тапшылығынан қысқартылуы мүмкін

Бразилия үкіметі Риодағы ойындарды өткізу үшін бюджетте 250 млн реал (шамамен 80 млн доллар) жетіспейтінін ресми түрде жариялады, ал билеттер болса өтпей жатыр. Демеушілер көмектесуге асығар емес.

7-18 қыркүйек аралығында Риода өтетін Паралимпиала ойындарының бағдарламасы қаржы тапшылығына байланысты қысқаруы мүмкін, деп жазды Wall Street Journal. Бірақ спорттың нақты қай түрлері қысқаратыны әзірге белгісіз.

Халықаралық паралимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Крейг Спенстің айтуынша, Риодағы ойындарды ұйымдастырушылар Олимпиада және Паралимпиада ойындарына қажетті 7,4 млрд реалды (2.3 млрд доллар) жинай алмаған. Бұл қаржыға ойындардың ашылу және жабылу салтанаты ғана емес, спортшылардың өмір сүруі де қаржыландырылады.

Бұған қоса, Ойындардың ұйымдастыру комитеті әлем елдеріне паралимпиада командаларын Риоға әкелуге қажетті қаржатты әлі бөлмеген. Кейбір шағын елдер спортшыларын өз қаражатымен әкеле алмай қалуы мүмкін.

Соған байланысты ұйымдастырушылар Паралимпиада жарыстарын және спортшылар санын қысқартуды ойластырып жатыр. Паралимпиадаға әлемнің 176 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527