Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3172 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 15:30

Тәжікстанда ант қабылдауды дәстүрлі ауыз әдебиетіне жатқызды

Тәжікстанның мәдениет министрлігі 500 бейматериалдық мәдени мұра тізімін дайындады, солардың қатарында ант қабылдау дәстүрі де бар.

Құжат авторларының пікірінше, халық өзінің адалдығын немесе жазықсыз екендігін ежелден-ақ ант арқылы білдіретін болған.

Соңғы жылдары ант қабылдау дәстүрі Тәжікстанның қарапайым тұрғындары ғана емес, истеблишмент арасында да кеңінен тарала бастады. 2006 жылы Тәжікстан қарулы күштерінің президент атымен ант етуі заңдастырылды. Сол уақыттан бері республика үкіметінің барлық 17 мүшесі қызметке кіріскенде ант қабылдауы тиіс. Бұған қоса тәжік парламентінің депутаттары халыққа адал қызмет етуге ант береді.

Тәжікстан бейматериалдық мәдени мұралары тізіміне салт-дәстүрлер, қолөнер, байланыстың дәстүрлі формалары, ұлттық тағамдар енді.

Мәдениет министрлігі бұл тізім ғылыми зерттеулерге, мәдениет түрлерін насихаттауға, ұлттық тұтастықты нығайтуға қызмет етеді деп есептейді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523