ЖЕР КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ - ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕҢІСІ
М.Тайжан: Комиссияның жұмысы жемісті болдыАстанада өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында, Мұхтар Тайжан мораторийді 5 жылға ұзарту өте орынды шешім, - деген пікір айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.Бiздiң комиссиямыздың жұмысы жемiстi болды деп есептеймiн. Үш айдың iшiнде осындай шешiмге келдiк. Жасыратыны жоқ, бұл ұсынысты бiзде талқыладық. Менiңше, мұндай шешiм бүгiн қабылданса, онда халықтың көңiлiнен шығады. Себебi, бес жыл жер ешкiмге сатылмайды, шетелдiктерге жалға берiлмейдi. Халықтың қалауы сол болды. Ал бес жылдан кейiн тағы да бiз аман болсақ, ел боламыз, тағы да қарастыруға болады»,-дейді М.Тайжан
Оның айтуынша, комиссия осы үш айдың ішінде аз жұмыс атқарған жоқ. Бірқатар, аса маңызды шешімдер қабылданған. Әлі де бірқатар мәселелердің басы ашық.
«Комиссия бес жыл жұмыс iстей алмайды, бiрақ жұмысшы топ па, басқа бiр шешiм қабылдауымыз керек. Парламенттiң iшiнде бұл ұсыныстарды түсiндiру, керек болса қорғау үшiн жұмысты топ құруымыз керек. Төраға айтып кеткендей, үш айдың iшiнде латифундизмге қарсы, жайылым жер туралы, басқа да дұрыс шешiмдердi қабылдадық» - деді Жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық тобының жетекшісі М.Тайжан.
Сондай ақ, М.Тайжан жерін шексіз сүйетін ел мен Елбасыға үлкен алғыс білдірді.
«Менiң ойымша, бiрiншiден, патриоттық көрсеткен халыққа рахмет айтуымыз керек. Екiншiден, Президентке алғыс айту керек. Өйткенi халықтың пiкiрiн естiп, түсiнiп, мораторий жариялап, комиссия құрды. Ол да өте орынды шешiм болды. Үшiншiден, комиссия мүшелерiне рахмет айтамын»,-деді М.Тайжан.
Д.Бабамұратов: Жер комиссиясының құрылуы – бұл халықтың жеңісі
Жер комиссиясының бүгінгі отырысында комиссия мүшесі Дәурен Бабамұратов ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен қазақстандықтарға жекеменшікке сатуға қойылған мораторийді тағы бес жылға ұзарту туралы ұсынысты қолдады , деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қалыптасқан жағдайда ең ұтымды шешім осы болса керек. Сондықтан бұл – халықтың жеңісі, елдің жеңісі. Бұрын көтеріліп жүрген басты мәселелер осы еді. Үш айдың ішінде біз екі тараптың да көзқарасын тыңдадық», - деп атап өтті Дәурен Бабамұратов.
Оның пікірінше, ортақ шешім қабылдау үшін уақыт керек екені сөзсіз.
«Сондықтан мен мораторийді қолдаймын. Ал енді, бір айдың ішінде комиссия құрамы ондаған, одан да көп тәп-тәуір ұсыныс айтты. Ол ұсыныстардың тағдыры не болады? Осы ұсыныстардың ұтымды болуын, дұрыс жүйеге асуын, ары қарай дұрыс өңделуін, жөнделуін кім қадағалайды, кім бақылайды? Біздің осындай мінберден тағы сөйлеуге мүмкіндігіміз бола ма? Осы сұрақтар мен үшін өте маңызды. Енді, мараторий жариялағаннан кейін комиссия жұмысы тоқтайтыны айдан анық. Ол дұрыс та шығар. Бірақ та комиссияның шешімдерін бақылайтын, іске асыратын, қарап отыратын қосымша бір орган немесе тағы бір комиссия құрылуы қажет екені сөзсіз. Мен мараторийді қолдаймын», - деп түйіндеді комиссия мүшесі.
Естеріңізге сала кетейік, Жер реформасы жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов Жер кодексінің кейбір баптарына енгізілген мораторийді бес жылға – 2022 жылға дейін ұзартуды ұсынған болатын.
Мұрат Әбенов: Комиссия жұмысы төңірегінде 10 сотық мәселесі оң шешімін тапты
Жер реформасы жөніндегі комиссия өте өнімді жұмыс істеп, алдын ала бірқатар шешімдер қабылданды. Бұлар орынды шешім деп, - деген ойын білдірді Комиссия отырысы барысында Мұрат Әбенов, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Комиссияның жеткен жетістігі мен қабылдаған шешімдері елдің саяси мәдениетінің өскенін көрсетеді деп есептейді М.Әбенов.
«Мемлекетiмiз жаңа саяси мәдениет деңгейiне жетті. Себебi, қоғамның өзгеруi, саяси, ақпараттық, құқықтық, экономикалық сауаттылығы өскенi байқалды. Қоғамның көтерген мәселесiн билiк қолдап, келiссөздерге барып, осындай комиссия құрғаны дұрыс шешiм деп ойлаймын. Бес жылға тоқтататын болсақ, бұл мәселе тоқтап қалды, шешiлмей қалды деген емес. "Өзгерiстердi қабылдамаймыз, халықтың айтқаны болды, әлi де бiз дайын емеспiз, сондықтан бұл мәселенi әзiрше тоқтатуымыз керек» деген шешiм деп есептеймiн» », - деді М.Әбенов.
М.Әбеновтың айытунша, Комиссия төңiрегiнде 10 сотық мәселесi көтерiлiп, жағымды шешім қабылданды. Бiраз шешiмiн тапты, Үкiмет қаржы бөлдi. Бұл комиссияның жақсы шешiмi деп есептейді М.Әбенов.
С.Сұлтанғали: Бәрі сәтімен келіп тұр
Комиссия өз миссиясын толық атқарды. Бес жылда үлкен техникалық мамандар дайындаймыз, - деп мәлімдеді «Бірлік» партиясының төрағасы, Комиссия мүшесі Серік Сұлтанғали, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
С.Сұлтанғалидің айтуынша Комиссия өзінің басты міндеттерін толық атқарып шыққан.
«Комиссияның жұмысы өте маңызды өттi. Комиссия өз жұмысын екi жүз пайыз орындады. Себебi, аралаған жерлерiмiзде халықтың пiкiрi бiр нүкте қою керек дегенге тоғысты. Бес жылға мораторий жариялауды қолдаймын. Бес жылда жерге қатысты сауатымызды көтеремiз. Екiншiден, Елбасы жылдың басында тапсырма берiп, келесi жылдан кәсiптiк-техникалық бiлiм тегiн болады. Бәрi сәтiмен келiп тұр. Бес жылда үлкен техникалық мамандарды дайындаймыз. Оның барлығы кезiнде жабылды ғой. Екiншi жағынан, ғылыми әлеуеттi дамыту керек»- дейді С.Сұлтанғали.
Ол комиссия жұмысы осымен бiтуi керек деп есептейді. Ең бастысы, халықпен санасу үшiн Елбасының тапсырмасымен осы комиссия құрылды. Ендi комиссияның уақыты келдi. Бәрiне рахмет айтып, мамандардың жұмыс тобына кiрiп, еңбек етуiне ешкiмнiң қарсылығы жоқ.
Baq.kz cайтына жарияланған мақалалар негізінде дайындалды.
Abai.kz