Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3811 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 14:34

Созақ әкімі Ақсүмбе елді мекені тұрғындарымен жүздесті

Аудан әкімі Мақсат Исаев, Ақсүмбе елді мекені тұрғындарымен жүздесті. Ауылдық мәдениет үйінде өткен кездесуде аудан басшысы шалғайда жатқан елді мекен халқының ұсыныс пікірлерін тыңдау екенін айтты. Кездесу барысында ауыл тұрғыны М. Смайлов кесекпен соғылған Сұлтанбек Қожанов атындағы білім ордасына жаңа ғимарат соғылып берілсе, Ақбикеш мұнарасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі Мақсат Исаев бүгінгі таңда аудандағы 35 білім беру ошақтарының 30-ның типтік үлгіде екенін, алдағы жылдары жаңа ғимарат салуға жұмыс жасалатанын жеткізді. Ақбикеш мұнарасын сақтап қалу үшін тарих үшін маңызды екенін айтқан аймақ басшысы, әзірге уақытша қалқан тұрғызылатынын, алдағы уақыттары демеушілер есебінен күрделі жөндеуден өткізуге келіссөздер жүргізіліп отыр деді.

Айта кетуіміз керек Ақсүмбе елді мекенінде 470 астам халық тұрып, 82 оқушы мектепте білім алады. 

Тұрғындардың тағы бір айтқан ұсынысы, «Ақсүмбе» тоғанына күрделі жөндеу жұмыстарының керектігін ескертті. Экономикалық тұрғыдан өзін ақтайтын жоба болса, алдағы уақыта тоғанды күрделі жөндеуден өткізуге жұмыс жасайтынын айтты.

Кездесуден кейін аудан әкімі ауылдан шыққан кәсіпкер азамат өз Еркін Ибрагимов қаржысына салып жатқан 100 орындық имандылық ордасы – мешіт құрылысымен танысты. Туған жер алдындағы азаматтың борышын ұмытпай жүрген азаматқа алғысын айтты. Сондай-ақ, «Ақсүмбе» тоғаны құрылысен танысты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4931
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4129