Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2982 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 14:14

Оңтүстік Қазақстан облысы жаңалықтары

Қала әкімі С.Ертай қаламыздағы аялдамаларды жаңғырту бастамасын көтерген болатын.

Нәтижесінде бүгінгі таңда қала орталығындағы сәулеті келіскен аялдамалар жаңадан бой көтерді.

Аялдамаларда түнгі мезгілде жарық беріп тұратын бұл орындарда көпшілік үшін басты оқиғалар бейнеленген көрнекі үгіт құралдары орнатылған.

Ел игілігіне берілетін мұндай нысандар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Жұмадағы жамағатпен жүздесу

Қаламыздағы барлық мешіттерде халқымыздың ислам дінін қабылдаған кезден бастап ұстанып келе жатқан Ханафи мәзһабының мән-маңызын насихаттайтын уағыздар айтылып, қала тұрғындарына, әсіресе жастарға тәлім-тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде.

Осы мақсатта бүгін қалалық ішкі саясат бөлімі және орталық мешіттің ұйымдастыруымен қаламыздағы Жұрынқожа мешітінде Қазақстандағы ең үздік ислами уағызшылардың бірі Әбдіғаппар Сманов  жұмаға жиналған жамағат алдында Ислам құндылықтары және Ислам мәдениеті жайында уағыз айтты.

Сонымен қатар, жиында жастарды жат ағымдардан сақтандыру, рухани тұрақтылықты сақтау мәселелері де кеңінен әңгімеленді.

Жиын соңында Ә.Сманов жамағаттың толғандырып жүрген сұрақтарына жауап беріп, қасиетті жұма намазы парызын оқып, дұға жасады. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2066
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4938
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4137