Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2564 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 14:09

Атамбаев Путиннен мигранттардың "қара тізімін" қысқартуын сұрады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ресейлік әріптесі Владимир Путинге РФ аумағына кіруге тыйым салынған қырғыз азаматтарының "қара тізімін" қысқартуға көмектесуін өтініп хат жолдады. Бұл туралы Көші-қон жөніндегі мемлекеттік қызмет басшысының орынбасары Алмазбек Асанбаев хабарлады.

Хат авторы көтерілген мәселе дұрыс шешіледі деп үміттенеді.

Мемлекеттік көші-қон қызметінің мәліметі бойынша, 2015 жылы ресейлік "қара тізімнен" 100 мың қырғыз шығарылды. Қазір шамамен 60 мың адам осы тізімде тұр.

Қырғызстан 2016 жылы 12 тамызда Еуразия экономикалық одағының толық құқықты мүшелігіне өтті. Ресей талаптарының жеңілдеуін қалаған көптеген еңбек мигранты бұл күнді ұзақ күтті. Бірақ жеңілдіктер жұмысқа орналастыруға ғана қатысты болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2061
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4924
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4124