Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2571 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 13:35

Мақтарал ауданының кәсіпкерлері «Servist.pravstat.kz» жобасы арқылы өз бизнесін заңсыз тексерістерден қорғай алады – Қанат Қабырбаев

«Мақтарал ауданының кәсіпкерлері  «Servist.pravstat.kz» жобасы арқылы өз бизнесін заңсыз тексерістерден қорғай алады» – дейді ҚР БП ҚСжАЕА ОҚО басқармасының Мақтарал ауданы бойынша аға прокуроры Қанат Қабырбаев. Бұл туралы ол Жетісай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өткен бүгінгі дөңгелек үстелде хабарлады.

15 жыл бойы сәтті қызмет етіп келе жатқан Бизнес субьектілерінің тексерістерін тексеру институты өз тиімділігін күн сайын арттыруда. Тексерістерді тіркеудің заманауи жүйесі мемлекеттік орган актісіндегі жай ғана штамп емес, өкілетті прокурордың тексерістің негізді әрі заңды екенін растау болып табылады. Заманауи инновациялық технологиялардың дамуының арқасында прокуратура органдары тіркеудің электронды нұсқасына толықтай өтті. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлер арасында кең таралған прокуратура органдарының «Бизнес тірегі» атты маңызды жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол үшін кәсіпкер «Servist.pravstat.kz» сайтына кіріп, «Бизнес тірегі» модуліне өтіп, 14 санды тексерісті тіркеу нөміріне теру арқылы мұндай тексерістің заңды екендігіне және прокуратура органдарында тіркеу нөмірін алғандығына көз жеткізуге болады.

«Бизнес тірегі» инновациялық жобасы тексеруші тарапынан бұзақылықтың орын алғандығын дәл тексеріс кезінде хабарлауға мүмкіндік береді. Мұндай хабарлама келіп түскен жағдайда прокуратураның жедел тобы бірден сол жерге барып, тиісінше әрекет етеді. Онлайн режимдегі байланыстың мұндай түрі прокуратура жұмысының тиімділігін анағұрлым арттырып, кәсіпкерлердің бізге деген сенімін күшейтеді» - дейді Қанат Қабырбаев.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547