Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2986 0 пікір 14 Тамыз, 2016 сағат 14:17

Жас сержанттар сапқа қосылды

Шымкенттегі Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығын тағы 230 тыңдаушы тәмамдады. Елге қалқан болуға 230 жас маман бекінді. Қолдарына арнайы сертификат алған түлектер енді тәуелсіз еліміздің ішкі істер органында қызмет ететін болады.

Қазақстан Республикасы  ІІМ-не қарасты Шымкент заң колледжін жыл сайын 1500-ге жуық  курсант бітіреді.  Оның  5  пайызы -  бұрымдылар. Бүгін  бастапқы оқу курсынан өтіп,  теория  жүзінде  білім  алған   түлектер  қияға  қанат  қақты. Полиция полковнигі  Бекайдар  Тойлыбаев  болашақ  полицейлерді  құттықтап,  сәт  сапар  тіледі.  

Бекайдар Тойлыбаев,  ҚР ІІМ Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының директоры:

Бұл жігіттер Қазақстанның барлық облыстарынан келген. Бұл жерде теориялық білім алды. Практикалық полиганды біліктілігін арттырды. Мен ойлаймын ішкі істер органдарында жұмыс істеуге толығымен дайын.
Бастапқы оқу курсынан өткен курсанттың бірі - Николай Глуховченко.  Қарағанды  облысының  тумасы.   Ұлты - орыс.   Колледжде   3  ай  оқып,  аға  сержант  шенін  алған  ол осы уақыт аралығында   қазақ  тілін   еркін  меңгеріп алды.  Жүзінен  қимастық  байқалады.

Николай  Глуховченко,   бітіруші түлек

Маған Шымкент өте қатты ұнады. Мен Оңтүстік Қазақстан облысында бірнеше тарихи орында болдым. Осы уақыт аралығында осында оқып жүріп мен қазақ тілін еркін меңгеріп шықтым. Мен осында ұстаздарға үлкен алғысымды айтамын.

Шымкент заң колледжі  Қазақстанның  ішкі істер органдары мен бөлімшелері үшін кадр  дайындайды.  Колледж  түлектері  Қазақстанда ғана емес, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің ішкі істер органдарында  да абыройлы еңбек етіп жүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543