Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3376 0 пікір 13 Тамыз, 2016 сағат 13:09

Шымкенттің оқушыларына мектепте смартфон қолдануға тыйым салынбақ

Қалалық білім бөлімі жаңа оқу жылына дайын. Биыл шаһардағы 127 мектептің үшеуі күрделі жөнделіп, 20 тамызда қолданысқа тапсырылады деп күтіледе.

Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Сондай-ақ, оқушылар оқулықтан тапшылық көрмейді. Биыл бірінші сыныпқа  21 500 бала барады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 1 500 оқушыға артық.

Биыл бірінші сынып оқушылары үш тілде білім алады. Ал жаңа оқу жылы басталмай жатып дауға қалған мектеп формасы ешкімге міндеттелмейді. Тек оқушы бірыңғай көк немесе қара шалбар киім, үстіне ақ түсті кофта кисе болғаны. Ата-аналар оны қайдан сатып алса да өз еріктерінде.

Ал білім ошақтарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына ұялы телефон ұстауға тыйым салынбақ. Бұл қала әкімінің шешімі дейді сала басшысы. Ал ұстаздардың смартфон ұстауы кәсіподақ комитетері арқылы шешіледі.

Оқулық мәселесіне келер болсақ, әлеуметік тұрмысы төмен отбасының балалары толығымен қамтамасыз етіледі. Мұндай оқушылардың саны 29 мыңнан асады. Ал бірінші сынып оқушылары 100 пайыз оқулықпен қамтылады.

Abai.kz 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1355
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1007
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 945